Меню

Страницы

Статья

Салтанат Тұрсынбекова Алматыда құқық қорғаушылармен кездесті

АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР президентін сайлауда кандидат Салтанат Тұрсынбекова Алматыда құқық қорғаушылармен кездесу өткізді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Атап айтқанда, кездесу барысында құқық қорғаушылар, үкіметтің емес ұйымдардың өкілдері өз пікірлерін айтып, тиісті ұсыныстарын жеткізді.

Жиын барысында тұрмыстық зорлық-зомбылық, толық емес отбасылар, көпбалалы аналар, жалғыз басты аналар, жеңілдікпен берілетін ипотека, әлеуметтік тұрғын үй, адам саудасымен күрес, балалардың құқықтарын қорғау, кедейлік пен табыс теңсіздігі, дарынды жастардың мүмкіндіктері мен олардың шетелге кетуі, сондай-ақ құқық қорғаушылардың мәселелеріне қатысты жергілікті атқарушы органдардың тиісті әрекет етпеуі тақырыптары қозғалды.

Сонымен қатар құқық қорғаушылар аталған мәселелерді шешу бағытында Салтанат Тұрсынбековаға әйелдер партиясын құру ұсынысын айтты.

Естеріңізге сала кетейік, сайлау алдындағы үгіт-насихат 2022 жылғы 21 қазанда басталды және сайлаудан бір күн бұрын, яғни 19 қарашада аяқталады. 19 қараша – республика бойынша тыныштық күні. Ал, 20 қарашада Президент сайлауы өтеді.

Дата публикации
08 ноября 2022
Дата обновления
08 ноября 2022
Тип

Сейчас читают

Мақалалар
22 сентября 2026
Жұмылдыру жарияланған кездегі азаматтардың іс-қимыл тәртібі
28 августа 2026
Қазақстанда тұрғын үй қорын жаппай түгендеу басталады.
10 августа 2026
Сайлаушылар тізімдерінде өзіңізді қалай тексеруге болады

Социальные медиа

Facebook

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы