Меню

Страницы

Статья

Тоқаевтың жақтастары Алматы облысындағы сайлаушылармен кездесті

ҚОНАЕВ. ҚазАқпарат - Президенттікке кандидат Қасым-Жомарт Тоқаевтың Республикалық қоғамдық штабының мүшелері Алматы облысындағы сайлаушылар бірқатар кездесулер өткізді.

Өтеген батыр ауылында балалар клиникалық ауруханасының қызметкерлерімен кездесу өтіп, оның барысында кандидаттың сайлауалды бағдарламасында көрсетілген ұлттық денсаулық сақтау жүйесін дамытудың негізгі мақсаттары талқыланды.

Бұдан әрі РҚШ мүшелері Қонаев қаласындағы Мәдениет үйінде Алматы облысының жұртшылығымен кездесті. Оған 200-ге жуық адам қатысты.

Сондай-ақ, штаб мүшелері өңірдегі көп балалы аналарымен кандидаттың өскелең ұрпақты қолдау және тұрмысы төмен отбасыларды әлеуметтік қамсыздандыру жөніндегі сайлауалды бастамалары туралы әңгіме өрбіді.

Осы күні республикалық қоғамдық штаб мүшелері Іле ауданының құрметті азаматтарымен кандидаттың сайлауалды бағдарламасын талқылап, Қонаев қаласындағы жергілікті базарлардың бірінде жастармен кездесу өткізді.

Дата публикации
05 ноября 2022
Дата обновления
05 ноября 2022
Тип

Сейчас читают

Мақалалар
22 сентября 2026
Жұмылдыру жарияланған кездегі азаматтардың іс-қимыл тәртібі
28 августа 2026
Қазақстанда тұрғын үй қорын жаппай түгендеу басталады.
10 августа 2026
Сайлаушылар тізімдерінде өзіңізді қалай тексеруге болады

Социальные медиа

Facebook

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы