Меню

Страницы

Статья

Сайлау: Жигули Дайрабаев осы аптада 4 өңірдің сайлаушыларымен кездеседі

АСТАНА. ҚазАқпарат – Қазақстан президенттігіне кандидат Жигули Дайрабаевтың республикалық қоғамдық штабының жетекшісі Төлеутай Рахымбеков «Атамекен бизнес» телеарнасына сұхбат берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Төлеутай Рахымбековтің атап өтуінше, кандидаттың үгіт-насихат жұмыстары қарқынды жүргізіліп жатыр. Жигули Дайрабаев осы уақытқа дейін Жамбыл, Түркістан, Қызылорда, Ақтөбе, Қарағанды облыстарының және Шымкент қаласының сайлаушыларымен кездесті. Осы аптаның соңына дейін Павлодар, Жетісу, Алматы облыстарының және Алматы қаласының тұрғындарымен кездесу өткізеді.

Мұнан бөлек, кандидаттың сенімді өкілдерінің қатысуымен еліміздің барлық өңірінде белсенді жұмыс жолға қойылған.

Естеріңізге сала кетейік, сайлау алдындағы үгіт-насихат 2022 жылғы 21 қазанда басталды және сайлаудан бір күн бұрын, яғни 19 қарашада аяқталады. 19 қараша – республика бойынша тыныштық күні. Ал, 20 қарашада Президент сайлауы өтеді.

Дата публикации
05 ноября 2022
Дата обновления
05 ноября 2022
Тип

Сейчас читают

Мақалалар
22 сентября 2026
Жұмылдыру жарияланған кездегі азаматтардың іс-қимыл тәртібі
28 августа 2026
Қазақстанда тұрғын үй қорын жаппай түгендеу басталады.
10 августа 2026
Сайлаушылар тізімдерінде өзіңізді қалай тексеруге болады

Социальные медиа

Facebook

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы