Меню

Страницы

Статья

Сайлау-2022: Нұрлан Әуесбаев Алматыдағы сайлаушылармен кездесті

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Жалпыхалықтық социал-демократиялық партия атынан ҚР президенттігіне үміткер Нұрлан Әуесбаев Алматыдағы сайлаушылармен кездесті.

Бұл туралы кандидат өзінің әлеуметтік желісіндегі парақшасында жазды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Кездесу барысында Нұрлан Әуесбаев жиналған қауымға өзінің сайлауалды бағдарламасы жөнінде айтып берді.

Бұған дейін ҚР Президенттігіне кандидат Нұрлан Әуесбаев Шымкентте қала тұрғындарымен және Жалпыхалықтық социал-демократиялық партияның активімен жүздескенін хабарлаған болатынбыз.

Айта кетейік, сайлау алдындағы үгіт-насихат 2022 жылғы 21 қазанда басталды және сайлаудан бір күн бұрын, яғни 19 қарашада аяқталады. 19 қараша – республика бойынша тыныштық күні. Ал, 20 қарашада президент сайлауы өтеді.

Дата публикации
05 ноября 2022
Дата обновления
05 ноября 2022
Тип

Сейчас читают

Мақалалар
22 сентября 2026
Жұмылдыру жарияланған кездегі азаматтардың іс-қимыл тәртібі
28 августа 2026
Қазақстанда тұрғын үй қорын жаппай түгендеу басталады.
10 августа 2026
Сайлаушылар тізімдерінде өзіңізді қалай тексеруге болады

Социальные медиа

Facebook

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы