Меню

Страницы

Статья

Тоқаевты қолдау жөніндегі штабта зиялы қауым өкілдері бас қосты

АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Президенттігіне кандидат Қасым-Жомарт Тоқаевты қолдау жөніндегі Республикалық қоғамдық штабта «AMANAT» партиясының Атқарушы хатшысы Асхат Ораловтың қатысуымен Қазақстанның ғылыми-мәдени зиялы қауым өкілдерімен кездесу өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат қоғамдық штабқа сілтемемен.

Кездесу барысында қатысушылар кандидаттың сайлауалды бағдарламасының басым бағыттарын талқылады. Сонымен қатар, қонақтар кандидаттың сайлауалды штабының жұмысымен танысып, өз ұсыныстары мен тілектерін қалдырды.

Олардың қатарында ақын, филология ғылымдарының докторы Оңайгүл Тұржанова, Астана қаласының балалар мен жасөспірімдерге арналған музыкалық театрының директоры Асхат Маемиров, Астана қаласы Мемлекеттік Академиялық филармониясының солисі Светлана Айтбаева, ҚР Парламенті Сенатының депутаты Динар Нөкетаева,«Мемлекет тарихы институт» ММ директоры Еркін Әбіл, Ұлттық қолжазбалар және сирек кітаптар орталығының директоры, PhD докторы Жандос Болдықов сынды белгілі мәдениет және ғылым қайраткерлері, сондай-ақ кәсіпкер, меценат Талғат Дүйсеков болды.

Дата публикации
05 ноября 2022
Дата обновления
05 ноября 2022
Тип

Сейчас читают

Мақалалар
22 сентября 2026
Жұмылдыру жарияланған кездегі азаматтардың іс-қимыл тәртібі
28 августа 2026
Қазақстанда тұрғын үй қорын жаппай түгендеу басталады.
10 августа 2026
Сайлаушылар тізімдерінде өзіңізді қалай тексеруге болады

Социальные медиа

Facebook

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы