Меню

Страницы

Статья

ТМД байқаушылар миссиясы сайлау науқанын мониторингілеуге кірісті

АСТАНА. ҚазАқпарат – ТМД байқаушылар миссиясы еліміздегі президент сайлауы науқанын мониторингілеуге кірісті. Бұл туралы ТМД Атқарушы комитеті төрағасының – атқарушы хатшысының орынбасары Ильхом Нематов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«ТМД байқаушылар миссиясы сайлау науқанын мониторингілеуге кірісті. Бүгін біз ұйымдастыру мәселелерін шешумен айналысатын миссия штабын ашамыз. Штаб өңірлерге қысқа мерзімді, ұзақ мерзімді байқаушыларды бөлу, Қазақстанның сайлау заңнамасын бағалау мәселелерімен айналысатын болады. Миссия басшысы ТМД Атқарушы комитетінің төрағасы Сергей Лебедев болады. Маған миссиямыздың ашылуына қатысу тапсырылды», - деді ол Орталық сайлау комиссиясында өткен брифингіде.

Оның атап өтуінше, миссия құрамына ТМД-нің барлық елінің өкілі, ТМД Парламентаралық Ассамблеясының, Ресей-Беларусь одақтас мемлекетінің Парламенттік Ассамблеясының өкілдері, Астанада аккредиттелген дипломаттар және ТМД Атқарушы комитетінің қызметкерлері кіреді.

«100-ден астам адам болады. 10 адам - ұзақ мерзімді байқаушы. 100-ден астам адам қысқа мерзімді байқаушы. Ұзақ мерзімді байқаушылар келіп, аккредитациядан өтті. Қысқа мерзімді байқаушылар Қазақстанға сайлау қарсаңында екі-үш күн қалғанда келеді. Әрине, біз барлық аймақты және сайлау учаскелерін қамтуға тырысамыз. Байқаушылар сайлау учаскелеріне, аумақтық сайлау комиссияларына барады, сайлау науқанына дайындық барысын талқылайды», - деді Ильхом Нематов.

Дата публикации
28 октября 2022
Дата обновления
28 октября 2022
Тип

Сейчас читают

Мақалалар
22 сентября 2026
Жұмылдыру жарияланған кездегі азаматтардың іс-қимыл тәртібі
28 августа 2026
Қазақстанда тұрғын үй қорын жаппай түгендеу басталады.
10 августа 2026
Сайлаушылар тізімдерінде өзіңізді қалай тексеруге болады

Социальные медиа

Facebook

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы