Меню

Страницы

Статья

Президенттікке кандидат Нұрлан Әуесбаев Ақтөбе жұртымен кездесті

АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат – ҚР Президенттігіне Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясы атынан үміткер Нұрлан Әуесбаев Ақтөбе облысында тұрғындармен кездесті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясы баспасөз қызметінің хабарлауынша, Нұрлан Әуесбаев сайлауалды үгіт-насихат жұмысын Алға ауданы Бестамақ ауылынан бастады. Ауылдық мәдениет үйінде жергілікті тұрғындармен кездесу өткізді. Тұрғындар үміткерге Ақтөбе-Атырау тас жолына байланысты сауалдарын қойды. Бүгінде екі жолақты жол төрт жолаққа кеңейтіліп жатыр әрі жол елдімекенді екіге бөлген. Сонымен қатар, жолда көлік қозғалысы жоғары, жеңіл және жүк көліктері жүреді. Жергілікті тұрғындар үшін өз қиындығы бар. Біріншіден, жол бойында орналасқан үйде күндіз-түні көлік дыбысы естіледі. Екіншіден, тұрғындар үнемі жолды кесіп өтуге мәжбүр, ал бұл – өте қауіпті. Демек, айналма жол салу өзекті мәселе.

Кездесуден кейін Нұрлан Әуесбаев аты аңызға айналған батыр, қолбасшы Есет батырдың кесенесіне барды. Қазақ халқына амандық мен бақ-береке тілеп, құран бағыштады.

Еске салсақ, ҚР Президенті сайлауына кандидат Нұрлан Әуесбаевқа қолдау көрсететін штаб ашылды. Штабта баспасөз қызметі, жоба үйлестірушілері, SMM және басқа да мамандар жұмыс істейді.

Дата публикации
28 октября 2022
Дата обновления
28 октября 2022
Тип

Сейчас читают

Мақалалар
22 сентября 2026
Жұмылдыру жарияланған кездегі азаматтардың іс-қимыл тәртібі
28 августа 2026
Қазақстанда тұрғын үй қорын жаппай түгендеу басталады.
10 августа 2026
Сайлаушылар тізімдерінде өзіңізді қалай тексеруге болады

Социальные медиа

Facebook

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы