Меню

Страницы

Статья

ОСК мүшелері еліміздің 20 өңіріндегі сайлауға дайындық барысын тексеріп шығады

АСТАНА. ҚазАқпарат – ҚР Орталық сайлау комиссиясының барлық мүшесі еліміздің барлық өңірінде болып, сайлау науқанына дайындық барысын тексереді. Бұл туралы аталған комиссия төрағасы Нұрлан Әбдіров айтты.

«Қазір Орталық сайлау комиссиясы жанынан сарапшылық кеңес жұмысын қайтадан жаңғыртып жатырмыз. Оның алғашқы отырысы 10 қараша күні өтеді. Ондағы негізгі мақсатымыз – осы жылдың маусымм айында өткен республикалық референдумда байқаушы болған ЕҚЫҰ миссиясы есебін талқылау. Аталған есеп жақында қолымызға тиді», - деді Нұрлан Әбдіров Орталық сайлау комиссиясы жанындағы Жас сайлаушылар клубының отырысында.

Осы орайда ОСК төрағасы 20 қарашада өтетін кезектен тыс президент сайлауына да ЕҚЫҰ миссиясынан 30 байқаушы ұзақ мерзімге келетіндігін айтты. Олар сайлау өткеннен кейін де біраз уақыт елімізде болмақ. Мұнан бөлек, қысқа мерзімді тағы 300 байқаушы республиканың барлық өңірінде сайлау үдерісінің өту барысын жіті бақылауда ұстамақ.

«Сонымен қатар ертеңнен бастап менде, Орталық сайлау комиссияның барлық мүшесі де 13 қарашаға дейін Қазақстанның бүкіл 20 өңірін аралап шығамыз. Алға қойған мақсатымыз - істеліп жатқан жұмыстарды көзімізбен көру, қателіктер, кемшіліктер болса онда оны қолдан келгенше түзету. Жаңылыспасам, бізде 10 102 учаскелік сайлау комиссиясы бар. Жалпы, комиссия ашылып, жабылып жатады. Өйткені, елімізде көші-қон үдерісі бар. Бір өңірде сайлаушылар саны кемісе учаскені жабамыз, ал артып кетсе ашамыз. Себебі заңға сәйкес, бізде бір учаске 3 мың дауыс берушіге арналған. Одан аспауы керек», - деді ол.

Нұрлан Әбдіровтың айтуынша, учаскелік сайлау комиссиялары мүшелерінің 99 пайызы немесе 10 мыңнан астам адам басқа салада жұмыс істейді. Тек олар, сайлау науқанына ғана тартылады. Оларға негізгі жұмыс орнындағы жалақы сақталып, сайлау үдерістеріне комиссия мүшесі ретінде қатысқаны үшін де айлық төленеді. Жалпы, кезектен тыс президент сайлауын өткізуге 20,5 млрд теңге қаражат бөлініп отыр. Бірақ бұл қаражаттың 80 пайызы учаскелік сайлау комиссиялары мүшелерінің жалақысына төленбек.

Дата публикации
28 октября 2022
Дата обновления
28 октября 2022
Тип

Сейчас читают

Мақалалар
22 сентября 2026
Жұмылдыру жарияланған кездегі азаматтардың іс-қимыл тәртібі
28 августа 2026
Қазақстанда тұрғын үй қорын жаппай түгендеу басталады.
10 августа 2026
Сайлаушылар тізімдерінде өзіңізді қалай тексеруге болады

Социальные медиа

Facebook

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы