№ 1 хаттама
жер учаскелерін меншікке және жер пайдалануға беру жөніндегі аудандық жер комиссиясының
Жақсы ауылы 2026 жылғы " 30 " наурыздағы
Комиссия құрамы: 13 адам
Қатысады: 9 адам
Комиссия төрағасы:
Б. Ж. Қасенов - Жақсы ауданы әкімінің орынбасары.
Комиссия мүшелері:
Р. Ж. Әбілжанов - "Жақсы ауданының жер қатынастары, сәулет және қала құрылысы бөлімі" ММ басшысы;
Н.С. Сегізбаева - "Ақмола облысы Жақсы ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің мемлекеттік-құқықтық бөлімінің басшысы;
А.А. Әділбекова – Жақсы аудандық мәслихатының депутаты;
А.А. Бакова - Ақмола облысы Кәсіпкерлер Палатасы Жақсы ауданы филиалының директоры;
Н.Е. Қуанышпаев - Жақсы ауылының жергілікті қоғамдастық мүшесі;
А.Т.Сактаганова – "Агрострой-1"ЖШС директоры;
В.В. Витт - Жақсы аудандық мәслихатының депутаты,
П.В. Казьмин - "Агрофирма TNK" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі Бас директорының техникалық мәселелер жөніндегі орынбасары.
Комиссия хатшысы:
С.Д. Ишамбеков – "Жақсы ауданының жер қатынастары, сәулет және қала құрылысы бөлімі"ММ бас маманы.
Жоқ:
Г.Г. Седов - "Агрофирма TNK" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі Бас директорының Өндіріс жөніндегі орынбасары, іссапарға шығуына байланысты;
А.В. Гертнер – Жақсы ауданы Қоғамдық кеңесінің мүшесі;
А. Б. Хасенов - "Жақсы ауданының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі" ММ басшысы;
А.Д. Бралина - Жақсы ауданының Қоғамдық кеңесінің мүшесі, еңбекке уақытша жарамсыздығына байланысты
Күн тәртібі
1.Жер учаскелерін уақытша өтеулі ұзақ мерзімді жер пайдалану құқығын беру туралы өтініштерді қарау.
2.Жер учаскелерін уақытша өтеулі қысқа мерзімді жер пайдалану құқығын беру туралы өтініштерді қарау.
ҚР БҚ 48, 109-баптарына сәйкес комиссия келіседі және орынды деп санайды: Нұрбаев Бақытжан Жақыпбекұлының Ақмола облысы, Жақсы ауданы, Жақсы ауылы мекенжайында орналасқан элеватор салу үшін ауданы 10-20 га жер учаскесін уақытша өтеулі ұзақ мерзімді жер пайдалану құқығын беру туралы өтінішін қанағаттандырудан бас тарту№
Жақсы ауылының бас жоспарына сәйкес сұратылып отырған нысаналы мақсаты көрсетілген жер әртүрлі функционалдық аймақтарда болады.
Ішінара шамамен ауданы 5.0 га, жер учаскесі қолданыстағы заңнамамен шектелген елді мекен аумағында қорғаныш, санитарлық-гигиеналық, әлеуметтік, эстетикалық және өзге де функцияларды орындайтын ағаш-бұта және шөптесін өсімдіктерді отырғызу аймағына жатады.
Ішінара шамамен ауданы 2.43 га, жер учаскесі құрылыс салуға көзделген аумақтан тыс жерде орналасқан.
Жер учаскесінің бір бөлігі жалпы ауданы 12,57 га "Қазақстан темір жолы ұлттық компаниясы" АҚ-ның Жер пайдалануында.
Жер заңнамасының талаптары бойынша пайдаланудың ерекше жағдайлары бар аймақтарда, сондай-ақ бос емес аумақтарда орналасқан жер учаскелеріне уақытша жер пайдалану құқығын беруге жол берілмейді.
"жақтап" дауыс саны -0
"қарсы" дауыс саны -9
ҚР БҚ 35, 48-баптарына сәйкес комиссия келіседі және орынды деп санайды: "Қазақтелеком" АҚ-ның Ақмола облысы, Жақсы мекен-жайы бойынша орналасқан талшықты-оптикалық байланыс желісін және телефон кәрізін төсеу және пайдалану үшін 10 жыл мерзімге, ауданы 0,0163 га жер учаскесін уақытша өтеулі ұзақ мерзімді жер пайдалану құқығын беру туралы өтінішін қанағаттандыру аудан, Жақсы ауылы.
"жақтап" дауыс саны -9
"қарсы" дауыс саны -0
ҚР БҚ 35, 48-баптарына сәйкес комиссия келіседі және орынды деп санайды: Садрединов Андрей Андреевичтің Ақмола облысы, Жақсы ауданы, Запорожье ауылы, Ленин көшесі, 6 мекенжайында орналасқан дүкенді кеңейту және қайта жаңарту үшін жер учаскесін уақытша өтеулі қысқа мерзімді жер пайдалану құқығын беру туралы өтінішін 4 жыл мерзімге қанағаттандыру.
"жақтап" дауыс саны -9
"қарсы" дауыс саны -0
ҚР БҚ 35, 48-баптарына сәйкес комиссия келіседі және орынды деп санайды: "Агрофирма Астана Т. А. Н." ЖШС-нің Ақмола облысы, Жақсы ауданы мекенжайында орналасқан қолданыстағы объектілерді кеңейту және реконструкциялау үшін жер учаскесін уақытша өтеулі қысқа мерзімді жер пайдалану құқығын 4 жыл мерзімге беру туралы өтінішін қанағаттандыру, Баягиз ауылы.
"жақтап" дауыс саны -9
"қарсы" дауыс саны -0
ҚР БҚ 35, 48-баптарына сәйкес комиссия келіседі және орынды деп санайды: "Ақмолаагро-1" ЖШС-нің Жақсы ауданы әкімдігінің 3 наурыздағы қаулысы негізінде Жақсы ауданында элеватор мен құрама жем зауытын салу үшін жер учаскесін 5 жыл мерзімге, ауданы 20 га уақытша өтеулі қысқа мерзімді жер пайдалану құқығын беру туралы өтінішін қанағаттандыру 2026 жылы Ақмола облысы, Жақсы ауданы мекенжайында орналасқан Мемлекеттік меншіктен жер учаскелерін беру үшін инвестициялық жобаны айқындау туралы, Жақсы ауылы,
"жақтап" дауыс саны -9
"қарсы" дауыс саны -0
ҚР БҚ 35, 48-баптарына сәйкес комиссия келіседі және орынды деп санайды: Ақмола облысы, Жақсы ауданы, Запорожье ауылы, Ивановтар көшесі мекенжайында орналасқан қойманы кеңейту және қайта жаңарту үшін жер учаскесін уақытша өтеулі қысқа мерзімді жер пайдалану құқығын беру туралы "Вымпел" ШҚ өтінішін 4 жыл мерзімге қанағаттандыру,
"жақтап" дауыс саны -9
"қарсы" дауыс саны -0
ҚР БҚ 35, 48-баптарына сәйкес комиссия келіседі және орынды деп санайды: Оспанова Күлән Қабиденқызының Ақмола облысы, Жақсы ауданы, Перекатное ауылы, Әуезов көшесі, 15 мекенжайында орналасқан жеке қосалқы шаруашылық жүргізу үшін жер учаскесін уақытша өтеулі қысқа мерзімді жер пайдалану құқығын беру туралы өтінішін 4 жыл мерзімге, ауданы 0,4260 га қанағаттандыру,
"жақтап" дауыс саны -9
"қарсы" дауыс саны -0
Председателя комиссии – Б. Қасенов
Члены комиссии– Р. Әбілжанов
Н. Сегізбаева
В. Витт
А. Әділбекова
П. Казьмин
А. Бакова
Н. Қуанышпаев
А. Сақтағанова
Секретарь комиссии – С. Ишамбеков