«Жақсы ауданының ішкі саясат, мәдениет, тілдерді дамыту және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бас маманы

«Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымға орналасуға жалпы конкурс туралы хабарландыру

 

Жақсы ауданы әкімінің аппараты

 

Конкурс туралы ақпарат

Құжаттарды қабылдау мерзімі: 01.04.2026 -03.04.2026

Жеке қасиеттерін бағалауға арналған тестілеу: 11.04.2026

Мәтіндік және сандық ақпаратпен жұмыс істеу қабілетін бағалау: 15.04.2026

Практикалық бағалау 1 кезең: 18.04.2026

Практикалық бағалау 2 кезең: 19.04.2026

Практикалық бағалау 3 кезең: 20.04.2026

Анықтама телефоны: 8(716-35) 21-2-02

Е-R-4 санат үшін орташа лауазымдық жалақы : 282693

(Лауазымдық жалақы нақты қызметкердің жұмыс өтіліне байланысты хабарландыруда көрсетілгеннен өзгеше болуы мүмкін)

 

Лауазым атауы:

«Жақсы ауданының ішкі саясат, мәдениет, тілдерді дамыту және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бас маманы

 

Функционалдық міндеттері:

аудандағы діни ахуалды зерттеу және талдау жүргізеді. Терроризмге қарсы комиссияның мәліметтері негізінде терроризмге қарсы іс-қимыл саласындағы жағдайға ықпал ететін саяси, әлеуметтік-экономикалық, діни процестерді мониторингтеу, бағалау және болжау бойынша жұмыс жүргізеді. Терроризмге қарсы комиссияның жұмыс топтарының жұмысын үйлестіреді. Терроризмге қарсы комиссия мүшелерінен ай сайынғы ақпараттың уақтылы түсуіне бақылау жүргізеді. Оны өңдеуді, бағалауды, талдауды және ұсыныстарды одан әрі әзірлеуді қамтамасыз етеді. Терроризмге қарсы комиссияның жұмысын ұйымдастыруға қатысады. Діни қызмет саласындағы мемлекеттік саясатты іске асырады. Дін істері жөніндегі Кеңестің жұмысын ұйымдастырады. Лауазымдық нұсқаулыққа сәйкес өзге де міндеттерді жүзеге асырады.

 

Білімі бойынша талап:

педагогика ғылымдары немесе өнер және гуманитарлық ғылымдар (тарих немесе филология немесе дінтану немесе теология) немесе әлеуметтік ғылымдар, журналистика және ақпарат (халықаралық қатынастар немесе мәдениеттану немесе  әлеуметтану немесе саясаттану немесе кітапхана ісі немесе журналистика) немесе бизнес, басқару және құқық (құқықтану немесе экономика немесе есеп және аудит немесе қаржы немесе мемлекеттік және жергілікті басқару) немесе қызметтер (мәдени-демалыс жұмысы) саласында немесе жоғары немесе орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білімі.

 

 

Жұмыс тәжірибесі бойынша талаптар:

         жоғары немесе жоғарыдан кейінгі білім болған жағдайда жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.

 

Шағым жасау тәртiбi

Үміткерлер уәкiлеттi органға немесе оның аумақтық бөлiмшесiне, не сот тәртiбiнде конкурс қорытындыларына және/немесе кадр қызметінің әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдана алады.

https://www.eqyzmet.gov.kz/#/main/vacancy/actual/1014164.5040180215

 

 

Дата публикации
01 апреля 2026