«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 13 бабының 4 тармағына, 14 бабының 6 тармақшасына, 21 бабының 4 тармағына, 22 бабына және «Жақсы ауданы Запорожье ауылдық округі әкімінің өкілеттігі мерзімінен бұрын тоқтатылуына байланысты сайлауды тағайындау және сайлауды дайындау мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың Күнтізбелік жоспарын бекіту туралы» Жақсы аудандық аумақтық сайлау комиссиясының 2026 жылғы 04 наурыздағы № 41/40 қаулысы мен Жақсы аудандық аумақтық сайлау комиссиясының 2023 жылғы 04 қаңтардағы №33/68 «Жақсы ауданы Запорожье ауылдық округінің әкімін сайлау бойынша сайлау округін құру туралы» қаулысына сәйкес, Запорожье ауылдық округінің әкімін сайлау бойынша сайлау округінің шекарасы мен Жақсы аудандық аумақтық сайлау комиссиясының орналасқан жері және құрамы туралы хабарлаймыз.
Жақсы ауданы Запорожье ауылдық округінің әкімін сайлау бойынша сайлау округінің шекаралары
Жақсы ауданы Запорожье ауылдық округінің әкімін сайлау бойынша сайлау округі – Запорожье сайлау округі Запорожье ауылдық округінің шекарасында.
Жақсы аудандық аумақтық сайлау комиссиясы
Орналасқан жері: Жақсы а., Дружбы көшесі, 14, тел. 8(71635)21-4-04
Комиссия төрайымы– Тлепова Рената Рахимбекқызы;
комиссия төрайымының орынбасары – Қасенова Ғалия Халимоллақызы; хатшы – Төлеубай Манас Сапиуллаұлы, комиссия мүшелері – Әбілжанов Руслан Жанарұлы, Ахамбаева Айгүл Мерекеқызы, Райсова Ксения Вячеславовна, Садуақасова Ләйлім Кенжебайқызы.
Жақсы аудандық
аумақтық сайлау комиссиясы