2026 жылғы 12 сәуірге тағайындалған Жақсы ауданы Запорожье ауылдық округі әкімінің өкілеттігі мерзімінен бұрын тоқтатылуына байланысты сайлауды тағайындау және сайлауды дайындау мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың Күнтізбелік жоспары

Жақсы аудандық аумақтық

сайлау комиссиясының

2026 жылғы 04 наурыздағы

№ 41/40 қаулысына қосымша

 

2026 жылғы 12 сәуірге тағайындалған Жақсы ауданы Запорожье ауылдық округі әкімінің өкілеттігі мерзімінен бұрын тоқтатылуына байланысты сайлауды тағайындау және сайлауды дайындау мен өткізу жөніндегі

 негізгі іс-шаралардың Күнтізбелік жоспары

 

1. Әкімдердің (бұдан әрі – әкімді) сайлауын тағайындау

 

Аудандық аумақтық сайлау комиссиясы

Әкімдердің өкілеттігі мерзімінен бұрын тоқтатылған немесе әкімшілік-аумақтық бірлік құрылған күннен бастап бір ай ішінде

2026 жылғы 04 наурыз

(1 б. 2) т, 113-1-б.3-т.)

2. Тиісті бұқаралық ақпарат құралдарында сайлау округтерінің тізімін олардың шекараларын және аумақтық сайлау комиссиясының орналасқан жерін көрсете отырып жариялау

 

Аудандық аумақтық сайлау комиссиясы

Сайлау тағайындалғаннан кейін он күннен кешіктірмей

2026 жылғы 14 наурыздан кешіктірмей

(22-б. 2 т.)

3. Аумақтық сайлау комиссиясының құрамын бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау

 

Аудандық аумақтық сайлау комиссиясы

Сайлау тағайындалғаннан кейін он күннен кешіктірмей

2026 жылғы 14 наурыздан кешіктірмей

(13-б. 4-т.)

4. Учаскелік сайлау комиссияларының құрамын бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау

 

Аудандық аумақтық сайлау комиссиясы

Сайлау тағайындалғаннан кейін он бес күннен кешіктірмей

2026 жылғы 19 наурыздан кешіктірмей

                                                                    (17-б. 2-т.)

5. Сайлау учаскелерінің шекаралары туралы мәліметті бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау

 

Аудан әкімі

Сайлау тағайындалғаннан кейін он бес күндік мерзімде

2026 жылғы 19 наурыздан кешіктірмей

(23-б. 5-т.)

6. Әкімдікке кандидаттар ұсыну

 

 

 

Белгіленген тәртіппен тіркелген саяси партиялар, өз мүшелерінің арасынан, егер ұсыну мерзімі аяқталған күні екіден аз кандидат ұсынылса, аумақтық сайлау комиссиясына әкімге кандидат, сондай-ақ жоғары тұрған әкім болып сайлануға ниет білдіргені туралы өтініш беру арқылы өзін-өзі ұсыну тәртібімен азаматтар

Сайлау тағайындалған күннен кейінгі күннен басталады және егер сайлау тағайындалған кезде өзгеше белгіленбесе, сайлау өткізілетін күнге дейін жиырма бес күн бұрын жергілікті уақыт бойынша сағат он сегізде аяқталады

2026 жылғы 05 наурызда басталады және 2026 жылғы 17 наурызда жергілікті уақыт бойынша сағат 18.00-де аяқталады

(113-3 б.)

7. Әкімге кандидаттың оларға қойылатын талаптарға «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңымен (бұдан әрі - сайлау туралы Конституциялық Заң), «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 36-2 бабымен және Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет саласындағы заңнамасымен сәйкестігін белгілеу

 

 

Аудандық аумақтық сайлау комиссиясы уәкілетті мемлекеттік органдармен бірлесіп

 (113-2-б.4)

8. Әкімдікке кандидаттардың сенім білдірген адамдарын тіркеу және оларға тиісті куәліктер беру.

 

 

Аудандық аумақтық сайлау комиссиясы

Әкімге кандидаттың сайлау туралы Конституциялық заңда көзделген талаптарға сәйкестігі белгіленген күннен бастап

 (14-б. 8-1) т., 31-б.)

9. Әкімдікке кандидаттарға өзін-өзі ұсыну тәртібімен ұсынылған, қолдап қол жинау үшін қол қою парақтарын беру

 

 Аудандық аумақтық сайлау комиссиясы

Кандидаттың Конституциялық заңда, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 36-2 бабында және Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет саласындағы заңнамасында көзделген талаптарға сәйкестігі тексерілгеннен кейін үш күн мерзімде

(113-4-б.)

10. Әкімдікке кандидаттарды қолдап жиналған қолдардың дұрыстығын тексеру және тиісті хаттаманы ресімдеу

 

Құжаттандыру және паспорттар мен жеке куәліктерді беру жөніндегі уәкілетті органның қызметкерлерін тарта отырып аудандық сайлау комиссиясы

Тиісті аумақтық сайлау комиссиясына өзін-өзі ұсыну тәртібімен ұсынылған азаматтардан қол қою парақтарын тапсырғаннан кейін үш күн мерзімде

(113-4-б. 8-т., 9-т.)

 

11. Жергілікті атқарушы органдардың шотына тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленетін және тиісті қаржы жылының 1 қаңтарында қолданыста болатын ең төменгі жалақының бір еселенген мөлшерінде сайлау жарнасын енгізу (әрбір ұсынылған кандидат үшін 85 000 теңге)

 

Әкімдерге, саяси партияларға кандидаттар (әрбір ұсынылған кандидат үшін)

Кандидат тіркелгенге дейін

(113-5-б. 2-т.)

 

12. Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің түсуін қамтамасыз ету саласында басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті мемлекеттік орган белгілеген тәртіппен және нысанда тұрғылықты жері бойынша Мемлекеттік кірістер органдарына ұсыну ұсыну мерзімі басталған айдың бірінші күніне (2025 жылғы 1 маусымға) активтер мен міндеттемелер туралы декларация

 

Кандидат пен оның жұбайы (зайыбы)

Кандидат тіркелгенге дейін

(113-5-б. 3-т.)

13. Кандидат және оның жұбайы (зайыбы) декларациялаған активтер мен міндеттемелер туралы мәліметтердің дұрыстығын тексеру

 

Мемлекеттік кіріс органдары

Кандидат тіркелген күннен бастап бес күн ішінде

(113-5-б. 3-т.)

14. Әкімдікке кандидаттарды тіркеу және оларға тиісті куәліктер беру

 

Аудандық аумақтық сайлау комиссиясы

Барлық қажетті құжаттарды алғаннан кейін басталады және сайлау күніне жиырма күн қалғанда жергілікті уақыт бойынша сағат 18.00-де аяқталады

2026 жылғы 05 наурызда басталады және 2026 жылғы 22 наурызда жергілікті уақыт бойынша сағат 18.00-де аяқталады

(113-5-б. 14-т.)

15. Әкімдікке кандидаттарды тіркеу туралы хабарды бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау

 

Аудандық аумақтық сайлау комиссиясы

Кандидаттар тіркелгеннен кейін бесінші күннен кешіктірмей

 (113-5-б. 9-т.)

16. Үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындарды белгілеу және оларды жарақтандыру

 

Жергiлiктi атқарушы орган, аудандық аумақтық сайлау комиссиясы

Үгіт басталғанға дейін

2026 жылғы 22 наурызға дейін

 (28-б. 6-т.)

17. Сайлау алдындағы үгітті жүргізу

 

Кандидаттарды тіркеу мерзімі аяқталған сәттен басталады және сайлау болатын күннің алдындағы күнгі жергілікті уақыт бойынша нөл сағатта аяқталады

2026 жылғы 22 наурызда жергілікті уақыт бойынша сағат 18.00-ден кейін басталады және 2026 жылғы 11 сәуірде жергілікті уақыт бойынша нөл сағатта аяқталады

(27-б. 2-т.)

18. Әкімдікке кандидаттарға сайлаушылармен кездесулері үшін үй-жайлар беру, кандидаттармен олардың сенім білдірген адамдарының бөлінген үй-жайларда сайлаушылармен кездесу кестесін жасау және бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау

 

 

Жергiлiктi атқарушы орган, аудандық аумақтық сайлау комиссиясы

Сайлау алдындағы үгітті жүргізу кезеңінде

(28-б. 4-т.)

 

19. Әрбір сайлау учаскесі бойынша әкім қол қойған сайлаушылардың тізімін сайлау комиссиясына акт бойынша ұсыну

 

Аудан әкімі

Дауыс беру басталардан жиырма күн бұрын

2026 жылғы 22 наурызға дейін

(24-б. 5-т.)

20. Сайлау учаскесі бойынша сайлаушылардың тізімін танысу үшін сайлаушыларға ұсыну

 

Учаскелік сайлау комиссиялары

Дауыс беретін күнге он бес күн қалғанда

2026 жылғы 27 наурыздан бастап

(26-б. 1-т.)

21.Сайлаушыларды дауыс беру күні, уақыты және орны туралы хабардар ету

 

Учаскелік сайлау комиссиялары

Дауыс беру өткізілетін күнге дейінгі он күннен кешіктірмей

2026 жылғы 1 сәуірге дейін

(18-б. 5) т., 38-б. 2-т.)

 

22. Дауыс беруге арналған сайлау бюллетеньдерін учаскелік сайлау комиссиясына жеткізу

 

Аудандық аумақтық сайлау комиссиясы

Ерте дегенде үш күн бұрын және сайлаудан кемінде бір күн бұрын

2026 жылғы 9 сәуірден ерте емес және 2026 жылғы 11 сәуірден кешіктірмей

(37-б. 3-т.)

 

23. Дауыс беруге арналған сайлау учаскесін ашу және тиісті хаттама жасау

 

Учаскелік сайлау комиссиялары

Дауыс берудің басталуына бір сағат қалғанда

2026 жылғы 12 сәуірде жергілікті уақыт бойынша сағат 06:00-де

(40-б. 1-т.)

24. Дауыс беруді өткізу

 

Учаскелік сайлау комиссиялары

Сайлау күні, жергілікті уақыт бойынша сағат 07:00-ден 20:00-ге дейін

(38-б. 1-т.)

25. Дауыстарды санау және сайлау учаскесінде әкім сайлауы бойынша дауыс беру нәтижелері туралы хаттамалар жасау

 

Учаскелік сайлау комиссиялары

Жергілікті уақыт бойынша сағат 20:00-де басталады

(18-б. 8) т., 43-б.)

 

26. Дауыс беру нәтижелері туралы хаттаманың көшiрмесiн сайлау учаскелерінiң үй-жайында жалпыжұрттың танысуы үшiн арнайы белгiленген орынға ілу

 

Учаскелік сайлау комиссиялары

Хаттамаларға қол қойылғаннан кейін – дереу

(43-б. 8-т.)

27. Сайлау учаскесінде дауыс беру нәтижелері туралы хаттамаларды  аудандық аумақтық сайлау комиссиясына ұсыну

 

Учаскелік сайлау комиссиялары

Хаттамаға қол қойылғаннан кейін – дереу

(113-8-б. 1-т.)

28. Әкімдердің сайлауын қорытындыларын белгілеу

 

Аудандық аумақтық сайлау комиссиясы

Сайлаудан кейін үш күн мерзімнен кешіктірмей

2026 жылғы 15 сәуірден кешіктірмей

(113-10-б. 1-т.)

29. Әкімді сайлау қорытындылары туралы хабарды бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау

 

Аудандық аумақтық сайлау комиссиясы

Сайлау өткізілген күннен бастап жеті күннен кешіктірмей

2026 жылғы 18 сәуірден кешіктірмей

(44-б.4-т.,3 т)

30. Сайланған әкімдерді тіркеу, тиісті куәлік беру

 

Аудандық аумақтық сайлау комиссиясы

Сайлау өткізілген күннен бастап жеті күн мерзімде

 

Сайланған әкімден жеті күн мерзім ішінде Конституцияға және

Сайлау туралы Конституциялық заңға сәйкес әкім мәртебесімен сыйыспайтын міндеттерді доғаратыны туралы жазбаша өтініш

алғаннан кейін

2026 жылғы 18 сәуірден кешіктірмей

 

                               (45-б., 46-б. 3-т, 113-11-б. 1-т)

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Дата публикации
04 марта 2026