«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 14-бабының 9) тармақшасына, 45-бабына, 113-11-бабының 1-тармағына сәйкес, Ақмола облысы Жақсы ауданының Жақсы және Чапай ауылдарының 2026 жылғы 1 наурызда өткізілген сайлау қорытындылары туралы учаскелік сайлау комиссияларының хаттамалары негізінде, Жақсы аудандық аумақтық сайлау комиссиясы ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Хаусылов Думан Мағұзұлы, 1985 жылы туған, Жақсы ауданы Запорожье ауылдық округінің әкімі, Жақсы ауданы Жақсы ауылының тұрғыны, Ақмола облысы Жақсы ауданы Жақсы ауылының әкімі болып тіркелсін.
2. Жекебатырова Мария Жүсіпқызы, 1972 жылы туған, Жақсы ауданы жұмыссыз, Жақсы ауданы Жақсы ауылының тұрғыны, Ақмола облысы Жақсы ауданы Чапай ауылының әкімі болып тіркелсін.
3. Сайланған әкімдерді тіркеу туралы хабарлама жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарында жариялансын.
4. Тиісті куәлік берілсін.
Жақсы аудандық аумақтық сайлау комиссиясы