ХАБАРЛАМА

         Жақсы ауданы Жақсы және Чапай ауылдарының әкімін сайлау 2026 жылғы 1 наурызда   екі сайлау округі бойынша өтті.

          Жақсы аудандық сайлау комиссиясы «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 14-бабының 9) тармақшасына, 44-бабының 2-тармағына, 45-бабына, 113-10-бабына сәйкес, Жақсы ауданы Жақсы ауылының әкімін сайлау нәтижелері туралы учаскелік сайлау комиссияларының хаттамалары негізінде сайлау қорытындыларын белгіледі:

          

Жақсы ауылының әкімін сайлау бойынша

Жақсы сайлау округі:

 

         Сайлау округі бойынша сайлаушылар тізіміне 3217 азамат енгізілді, олардың 2063 дауыс берді. Жарамсыз бюллетеньдер саны – 252, «Барлығына қарсы» деген жолда белгі қойылған -201.

         Әрбір кандидат үшін берілген дауыстар саны:

         Бектұрғанова Д.Б. – 209; Нарбұтанова Г.Қ.– 104; Хаусылов Д.М.– 1297.

         Жақсы  ауылының әкімі болып  Хаусылов Думан Мағұзұлы сайланды, 1985 жылы туған, әкім, «Жақсы ауданы Запорожье ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ-сі, Жақсы ауылының тұрғыны, «AMANAT» партиясы арқылы ұсынылды.          

 

             Жақсы аудандық сайлау комиссиясы «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 45-бабына сәйкес 2026 жылғы 2 наурыздағы шешімімен 2026 жылғы 1 наурызда Жақсы ауданы Жақсы ауылының сайланған әкімін тіркеді.

 

Жақсы аудандық сайлау комиссиясы «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 14-бабының 9) тармақшасына, 44-бабының 2-тармағына, 45-бабына, 113-10-бабына сәйкес, Жақсы ауданы Чапай ауылының әкімін сайлау нәтижелері туралы учаскелік сайлау комиссиясының хаттамасы негізінде сайлау қорытындыларын белгіледі:

        

  

Чапай ауылының әкімін сайлау бойынша

Чапай сайлау округі:

 

         Сайлау округі бойынша сайлаушылар тізіміне 182 азамат енгізілді, олардың 139 дауыс берді. Жарамсыз бюллетеньдер саны – 6, «Барлығына қарсы» деген жолда белгі қойылған -13.

         Әрбір кандидат үшін берілген дауыстар саны:

         Әубакірова Б.К. – 14; Жекебатырова М.Ж.– 96; Шаматова З.А.– 10.

         Чапай  ауылының әкімі болып  Жекебатырова Мария Жүсіпқызы сайланды, 1972 жылы туған, жұмыссыз, Жақсы ауылының тұрғыны, «AMANAT» партиясы арқылы ұсынылды.

          

 

             Жақсы аудандық сайлау комиссиясы «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 45-бабына сәйкес 2026 жылғы 2 наурыздағы шешімімен 2026 жылғы 1 наурызда Жақсы ауданы Чапай ауылының сайланған әкімін тіркеді.

 

 

 

 Жақсы аудандық сайлау комиссиясы

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Дата публикации
02 марта 2026