«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 38-бабы 3-тармағының негізінде учаскелік сайлау комиссияларының ұсынуы бойынша сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТТІ:
1. Егер тізімге енгізілген барлық азаматтар дауыс берсе, өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтатқан Жақсы ауданы Жақсы және Чапай ауылдараның әкімдерін сайлау бойынша кез келген уақытта дауыс беру аяқталуы мүмкін сайлау учаскелерінің тізбесі бекітілсін:
|
№ р/с |
учаскенің № |
Учаскенің орналасқан жері |
|
1 |
791 |
Жақсы ауылы, Тәуелсіздік көшесі, 29 |
|
2 |
792 |
Жақсы ауылы, Кенжеш Түктібаев атындағы көшесі, 37 |
2.Осы учаскелердегі дауыстарды санау дауыс беру аяқталғаннан кейін басталады.
3. Осы қаулының көшірмесі Ақмола облыстық сайлау комиссиясына жіберілсін.
Комиссия төрайымы Р.Тлепова
Комиссия хатшысы М.Төлубай