ХАБАРЛАМА
Жақсы ауданы Подгорное ауылының әкімін сайлау 2026 жылғы 8 ақпанда бір сайлау округі бойынша өтті.
Жақсы аудандық сайлау комиссиясы «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 14-бабының 9) тармақшасына, 44-бабының 2-тармағына, 45-бабына, 113-10-бабына сәйкес, Жақсы ауданы Подгорное ауылының әкімін сайлау нәтижелері туралы учаскелік сайлау комиссиясының хаттамасы негізінде сайлау қорытындыларын белгіледі:
Подгорное ауылының әкімін сайлау бойынша
Подгорное сайлау округі:
Сайлау округі бойынша сайлаушылар тізіміне 356 азамат енгізілді, олардың 287 дауыс берді. Жарамсыз бюллетеньдер саны – 19, «Барлығына қарсы» деген жолда белгі қойылған -53.
Әрбір кандидат үшін берілген дауыстар саны:
Қантарбаева А.С. – 16; Күкүмбаева Ж.К.– 18; Мажитова Г.Қ.– 181.
Подгорное ауылының әкімі болып Мажитова Гүлбану Құрманқызы сайланды, 1990 жылы туған, әкім, «Жақсы ауданы Подгорное ауылы әкімінің аппараты» ММ-сі, Подгорное ауылының тұрғыны, «AMANAT» партиясы арқылы ұсынылды.
Жақсы аудандық сайлау комиссиясы «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 45-бабына сәйкес 2026 жылғы 9 ақпандағы шешімімен 2026 жылғы 8 ақпанда Жақсы ауданы Подгорное ауылы сайланған әкімін тіркеді.
Жақсы аудандық сайлау комиссиясы