2026 жылдың 1 наурызға тағайындалған Жақсы ауданы Жақсы, Чапай ауылдарының әкіміне
кандидаттарды тіркеу нәтижелері туралы
Жақсы аудандық аумақтық сайлау комиссиясының хабарламасы
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 113-5-бабына сәйкес келіп түскен құжаттарды қарап, Жақсы аудандық аумақтық сайлау комиссиясы Жақсы ауданы Жақсы ауылы әкіміне кандидаттарды тіркеді:
- Бектұрғанова Динара Бектұрғанқызы, 1981 жылы туған, «Ақмола облысы Жақсы ауданы әкімінің аппараты» ММ-сі, бірыңғай персоналды басқару қызметінің (кадрлық қызметінің) басшысы, Жақсы ауданы Жақсы ауылында тұрады (өзін-өзі ұсыну жолы арқылы);
- Нарбұтанова Гүлмира Қаппасқызы, 1979 жылы туған, «Жақсы ауданы Тарасов ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ-сі, бас маман, Жақсы ауданы Тарасов ауылында тұрады (өзін-өзі ұсыну жолы арқылы);
- Хаусылов Думан Мағұзұлы, 1985 жылы туған, «Жақсы ауданы Запрожье ауылдық округі әкімінің аппараты», ММ-сі, әкім, Жақсы ауданы Жақсы ауылында тұрады (AMANAT партиясы).
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 113-5-бабына сәйкес келіп түскен құжаттарды қарап, Жақсы аудандық аумақтық сайлау комиссиясы Жақсы ауданы Чапай ауылы әкіміне кандидаттарды тіркеді:
- Әубакірова Бибігүл Қалыққызы, 1982 жылы туған, «Жақсы ауданы Жаңақима ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ-сі, бас маман, Жақсы ауданы Жаңа Қима ауылында тұрады (өзін-өзі ұсыну жолы арқылы);
- Жекебатырова Мария Жүсіпқызы, 1972 жылы туған, жұмыссыз, Жақсы ауданы Жақсы ауылында тұрады (AMANAT партиясы).
- Шаматова Зиғаш Әбілмағжанқызы, 1968 жылы туған, «Ақмола облысы Жақсы ауданы әкімінің аппараты» ММ-сі, құжаттамалық қамтамасыз ету және қаржы-шаруашылық қызмет бөлімінің басшысы, Жақсы ауданы Жақсы ауылында тұрады (өзін-өзі ұсыну жолы арқылы).