2026 жылдың 1 наурызға тағайындалған Жақсы ауданы Жақсы және Чапай ауылдарының әкімдеріне кандидаттарды тіркеу туралы Жақсы аудандық аумақтық сайлау комиссиясының хабарламасы

2026 жылдың 1 наурызға 

тағайындалған Жақсы ауданы Жақсы және Чапай ауылдарының

әкімдеріне кандидаттарды тіркеу туралы

 Жақсы аудандық аумақтық сайлау комиссиясының хабарламасы

 

           «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 113-5-бабына сәйкес келіп түскен құжаттарды қарап, Жақсы аудандық аумақтық сайлау комиссиясы Жақсы ауданы Жақсы ауылының әкіміне кандидаттарды тіркеді:

 

 - Бектұрғанова Динара Бектұрғанқызы, 1981 жылы туған, «Ақмола облысы Жақсы ауданы әкімінің аппараты» ММ-сі, бірыңғай персоналды басқару қызметінің (кадрлық қызметінің)   басшысы, Жақсы ауданы Жақсы ауылында тұрады (өзін-өзі ұсыну жолы арқылы);

- Нарбұтанова Гүлмира Қаппасқызы, 1979 жылы туған, «Жақсы ауданы Тарасов ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ-сі, бас маман, Жақсы ауданы Тарасов ауылында тұрады (өзін-өзі ұсыну жолы арқылы);

- Хаусылов Думан Мағұзұлы, 1985 жылы туған, «Жақсы ауданы Запрожье ауылдық округі әкімінің аппараты», ММ-сі, әкім, Жақсы ауданы Жақсы ауылында тұрады (AMANAT партиясы).

 

 

         «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 113-5-бабына сәйкес келіп түскен құжаттарды қарап, Жақсы аудандық аумақтық сайлау комиссиясы Жақсы ауданы Чапай ауылының әкіміне кандидаттарды тіркеді:

 

- Жекебатырова Мария Жүсүпқызы, 1972 жылы туған, жұмыссыз, Жақсы ауданы Жақсы ауылында тұрады (AMANAT партиясы).

 

            Жақсы ауданы Жақсы және Чапай ауылдарының әкімдеріне тіркелген кандидаттардың сайлау алдындағы үгіт-насихатқа кірісуге құқығы бар, ол кандидатты тіркеу мерзімі аяқталған сәттен басталады және сайлау күнінің алдындағы күннің жергілікті уақыты бойынша нөл сағатта аяқталады.

 

       2026 жылдың 8 ақпанда жергілікті уақыт бойынша сағат 18.00-ден кейін басталып, 2026 жылдың 28 ақпанда жергілікті уақыт бойынша нөл сағатта аяқталады.

 

 

 

        Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясының 2018 жылдың 25 тамызындағы «Кандидаттардың бұқаралық ақпарат құралдарына шығуы үшін қаражат бөлу қағидалары мен көлемдерін бекіту туралы» 12/202 қаулысына сәйкес барлық кандидаттарға үгіт-насихат жұмыстарын жүргізу үшін тең жағдайлар жасалатынына кепілдік беріледі.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2026 жылдың 1 наурызға тағайындалған Жақсы ауданы Жақсы және Чапай ауылдарының әкімдеріне кандидаттарды тіркеу туралы Жақсы аудандық аумақтық сайлау комиссиясының хабарламасы
Дата публикации
03 февраля 2026