Ақмола облысы Жақсы ауданы Жақсы және Чапай ауылдарының әкімдері болуға кандидаттарды ұсыну қорытындылары туралы хабарлама

Ақмола облысы Жақсы ауданы Жақсы және Чапай ауылдарының 

әкімдері болуға кандидаттарды ұсыну қорытындылары туралы хабарлама

 

2026 жылғы 03 ақпанда сағат 18.00-де Жақсы  ауданы Жақсы ауылының әкімі болуға кандидаттарды ұсыну кезеңі аяқталды.

Жақсы ауылы бойынша барлығы 3 кандидат ұсынылды, оның ішінде 2 (66,6 %) - өзін-өзі ұсынды, AMANAT партиясынан - 1 (33,4%).

Орташа бәсекелестік - 3 адам. 

 

2026 жылғы 03 ақпанда сағат 18.00-де Жақсы  ауданы Чапай ауылының әкімі болуға кандидаттарды ұсыну кезеңі аяқталды.

Чапай ауылы бойынша барлығы 3 кандидат ұсынылды, оның ішінде 2 (66,6 %) - өзін-өзі ұсынды, AMANAT партиясынан - 1 (33,4%).

Орташа бәсекелестік - 3 адам. 

 

Қазіргі уақытта ұсынылған кандидаттардың заңнамаға сәйкестігін анықтау және оларды тіркеу іс-шаралары жүргізіліп жатыр, тіркеу 2026 жылғы 8 ақпан сағат 18.00-де аяқталады.

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 113-5 бабы 9 тармағына сәйкес кандидаттарды тіркеу қорытындысы туралы ақпарат ресми бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланады.

 

 

Ақмола облысы Жақсы ауданы Жақсы және Чапай ауылдарының әкімдері болуға кандидаттарды ұсыну қорытындылары туралы хабарлама
Дата публикации
03 февраля 2026