Жақсы ауданы Жақсы және Чапай ауылдарының әкімдерін сайлау бойынша сайлау округтарының шекаралары мен аудандық аумақтық сайлау комиссиясының орналасқан жері және құрамы туралы ХАБАРЛАМА

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 13 бабының 4 тармағына, 14 бабының 6 тармақшасына, 21 бабының 4 тармағына, 22 бабына және «Жақсы ауданы Жақсы ауылы әкімінің

заңда белгіленген өкілеттік мерзімінің аяқталуына, Чапай ауылы әкімінің өкілеттігі мерзімінен бұрын тоқтатылуына байланысты сайлауды тағайындау және сайлауды дайындау мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың Күнтізбелік жоспарын бекіту туралы» Жақсы аудандық аумақтық сайлау комиссиясының 2026 жылғы 21 қаңтардағы  № 10/37 қаулысы мен Жақсы аудандық аумақтық сайлау комиссиясының 2022 жылғы 25 ақпандағы  № 8/39  «Жақсы ауданының Жақсы  ауылының әкімін сайлау бойынша сайлау округін құру туралы», 2022 жылғы 26 тамыздағы № 24/51  «Жақсы ауданының Чапай ауылы әкімінің сайлауы бойынша сайлау округін құру туралы» қаулыларына сәйкес, Жақсы және Чапай ауылдарының әкімдерін сайлау бойынша сайлау округтардың шекарасы мен Жақсы аудандық аумақтық сайлау комиссиясының орналасқан жері және құрамы туралы хабарлаймыз.

 

Жақсы ауданы Жақсы және Чапай ауылдарының әкімдерін сайлау

бойынша сайлау округінің шекаралары

 

Жақсы ауданы Жақсы ауылының   әкімін сайлау бойынша сайлау округі – Жақсы сайлау   округі  Жақсы ауылының  шекарасында.

Жақсы ауданы Чапай ауылының   әкімін сайлау бойынша сайлау округі – Чапай сайлау   округі  Чапай ауылының  шекарасында.

 

Жақсы аудандық аумақтық сайлау  комиссиясы

Орналасқан жері: Жақсы а., Дружбы көшесі, 14, тел. 8(71635)21-4-04

Комиссия төрайымы– Тлепова Рената Рахимбекқызы;
комиссия төрайымының орынбасары – Қасенова Ғалия Халимоллақызы; хатшы – Төлеубай Манас Сапиуллаұлы, комиссия мүшелері – Әбілжанов Руслан Жанарұлы, Ахамбаева Айгүл Мерекеқызы, Райсова Ксения Вячеславовна, Садуақасова Ләйлім Кенжебайқызы.

Жақсы аудандық

аумақтық сайлау комиссиясы

 

 

 

 

 

 

                                                                                        

Дата публикации
26 января 2026