«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының, 113-1 бабының 1 тармағының 1 тармақшасына, 2 және 4 тармақтарына және Жақсы аудандық аумақтық сайлау комиссиясының 2026 жылғы 21 қаңтардағы № 10/37 «Жақсы ауданы Жақсы ауылы әкімінің заңда белгіленген өкілеттік мерзімінің аяқталуына, Чапай ауылы әкімінің өкілеттігі мерзімінен бұрын тоқтатылуына байланысты сайлауды тағайындау және сайлауды дайындау мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың Күнтізбелік жоспарын бекіту туралы» қаулысына сәйкес, сайлау 2026 жылдың 1 наурызға тағайындалғанын хабарлаймыз.
Жақсы аудандық сайлау комиссиясы