2026 жылдың 8 ақпанға тағайындалған Жақсы ауданы Подгорное ауылы әкіміне кандидаттарды тіркеу нәтижелері туралы Жақсы аудандық аумақтық сайлау комиссиясының хабарламасы

           «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 113-5-бабына сәйкес келіп түскен құжаттарды қарап, Жақсы аудандық аумақтық сайлау комиссиясы Жақсы ауданы Подгорное ауылы әкіміне кандидаттарды тіркеді:

 - Алтынай Сайлауқызы Қантарбаева, 1985 жылы туған, «Жақсы ауданы Жақсы ауылы әкімінің аппараты» ММ-сі,  бас маман, Жақсы ауданы Жақсы ауылында тұрады (өзін-өзі ұсыну жолы арқылы);

- Жазира Кенжебекқызы Күкүмбаева, 1992 жылы туған, «Жақсы ауданы Калинин ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ-сі, бас маман, Жақсы ауданы Моховое ауылында тұрады (өзін-өзі ұсыну жолы арқылы);

- Гүлбану Құрманқызы Мажитова, 1990 жылы туған, «Жақсы ауданы Подгорное ауылы әкімінің аппараты» ММ-сі, әкім, Жақсы ауданы Подгорное ауылында тұрады (AMANAT партиясы).

 

 

 

 

 

Дата публикации
19 января 2026