2026 жылдың 8 ақпанға тағайындалған Жақсы ауданы Подгорное ауылының әкіміне кандидаттарды тіркеу туралы Жақсы аудандық аумақтық сайлау комиссиясының хабарламасы

       

           «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 113-5-бабына сәйкес келіп түскен құжаттарды қарап, Жақсы аудандық аумақтық сайлау комиссиясы кандидаттарды тіркеді:

 - Алтынай Сайлауқызы Қаңтарбаева, 1985 жылы туған, «Жақсы ауданы Жақсы ауылы әкімінің аппараты» ММ-сі, бас маман, Жақсы ауданы Жақсы ауылында тұрады (өзін-өзі ұсыну жолы арқылы);

- Жазира Кенжебекқызы Күкүмбаева, 1992 жылы туған, «Жақсы ауданы Калилин ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ-сі, бас маман, Жақсы ауданы Моховое ауылында тұрады (өзін-өзі ұсыну жолы арқылы);

- Гүлбану Құрманқызы Мажитова, 1990 жылы туған, «Жақсы ауданы Подгорное ауылы әкімінің аппараты», ММ-сі, әкім, Жақсы ауданы Подгорное ауылында тұрады (AMANAT партиясы).

            Жақсы ауданы Подгорное ауылының әкіміне тіркелген кандидаттардың сайлау алдындағы үгіт-насихатқа кірісуге құқығы бар, ол кандидатты тіркеу мерзімі аяқталған сәттен басталады және сайлау күнінің алдындағы күннің жергілікті уақыты бойынша нөл сағатта аяқталады.

       2026 жылдың 18 қаңтарда жергілікті уақыт бойынша сағат 18.00-ден кейін басталып, 2026 жылдың 7 ақпанда жергілікті уақыт бойынша нөл сағатта аяқталады.

        Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясының 2018 жылдың 25 тамызындағы «Кандидаттардың бұқаралық ақпарат құралдарына шығуы үшін қаражат бөлу қағидалары мен көлемдерін бекіту туралы» 12/202 қаулысына сәйкес барлық кандидаттарға үгіт-насихат жұмыстарын жүргізу үшін тең жағдайлар жасалатынына кепілдік беріледі.

 

 

 

Дата публикации
14 января 2026