2026-2028 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы

        ЖОБА

 

 

2026-2028 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы

 

Қазақстан Республикасының Бюджет кодексінің 88 бабына, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6 бабына сәйкес, Жақсы аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

  1. 2026-2028 жылдарға арналған аудандық бюджет тиісінше 1, 2 және 3 қосымшаларына сәйкес, оның ішінде 2026 жылға келесі көлемдерде бекітілсін:

1) кірістер – 2731892 мың теңге, оның ішінде:

салықтық түсімдер – 1247754 мың теңге;

салықтық емес түсімдер – 28443 мың теңге;

негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер – 5576 мың теңге;

трансферттер түсімі – 1450119 мың теңге;

2) шығындар – 2731892 мың теңге;

3) таза бюджеттік кредиттеу – 25498 мың теңге, оның ішінде:

бюджеттік кредиттер – 43250 мың теңге;

бюджеттік кредиттерді өтеу – 17752 мың теңге;

4) қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо – 0 мың теңге, оның ішінде:

қаржы активтерін сатып алу – 0 мың теңге;

5) бюджет тапшылығы (профициті) – (-25498) мың теңге;

6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) –     25498 мың теңге.

  1. 2026 жылға арналған аудандық бюджетінде облыстық бюджеттен 1077831 мың теңге сомасында субвенция қарастырылғаны ескерілсін.
  2. 4-қосымшаға сәйкес 2026-2028 жылдарға арналған аудандық және ауылдық округтер бюджеттері арасындағы жалпы сипаттағы трансферттердің (бюджеттік субвенциялардың) көлемі белгіленсін, оның ішінде:

2026 жыл - 414455 мың теңге;

2027 жыл - 419652 мың теңге;

2028 жылы - 423924 мың теңге.

  1. 2026 жылға арналған аудандық бюджетте республикалық бюджеттен бюджеттік кредиттер 5 қосымшаға сәйкес қарастырылғаны ескерілсін.
  2. 2026 жылға арналған аудандық бюджетте 6-қосымшаға сәйкес облыстық бюджеттен нысаналы трансферттер көзделгені ескерілсін.
  3. Аудандық бюджет шығыстарына 7-қосымшасына сәйкес елді мекендерде әлеуметтік, инженерлік және көлік инфрақұрылымын дамыту жөніндегі ағымдағы іс-шараларды іске асыруды қаржыландырудың ең аз мөлшерінде ескерілсін.
  4. 2026 жылға арналған ауданның жергілікті атқарушы органының резерві 29600 мың теңге сомасында бекітілсін.
  5. Осы шешім 2026 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 

 

Лауазымы

 

Аты-жөні

Дата публикации
09 января 2026