«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 13 бабының 4 тармағына, 14бабының 6 тармақшасына, 21 бабының 4 тармағына, 22 бабына және «Жақсы ауданы Подгорное ауылы әкімінің заңда белгіленген өкілеттік мерзімінің аяқталуына байланысты Подгорное ауылының әкімін сайлауды тағайындау және әкімді сайлауды дайындау және өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың Күнтізбелік жоспарын бекіту туралы» Жақсы аудандық аумақтық сайлау комиссиясының 2026 жылғы 31 желтоқсандағы №47/34 қаулысы мен Жақсы аудандық аумақтық сайлау комиссиясының 2022 жылғы 21 қаңтардағы №2/33 «Жақсы ауданы Подгорное ауылының әкімін сайлау бойынша сайлау округін құру туралы» қаулысына сәйкес, Подгорное ауылының әкімін сайлау бойынша сайлау округінің шекарасы мен Жақсы аудандық аумақтық сайлау комиссиясының орналасқан жері және құрамы туралы хабарлаймыз.
Жақсы ауданы Подгорное ауылының әкімін сайлау бойынша сайлау округінің шекаралары
Жақсы ауданы Подгорное ауылының әкімін сайлау бойынша сайлау округі – Подгорное сайлау округі Подгорное ауылының шекарасында.
Жақсы аудандық аумақтық сайлау комиссиясы
Орналасқан жері: Жақсы а., Дружбы көшесі, 14, тел. 8(71635)21-4-04
Комиссия төрайымы– Тлепова Рената Рахимбекқызы;
комиссия төрайымының орынбасары – Қасенова Ғалия Халимоллақызы; хатшы – Төлеубай Манас Сапиуллаұлы, комиссия мүшелері – Әбілжанов Руслан Жанарұлы, Ахамбаева Айгүл Мерекеқызы, Райсова Ксения Вячеславовна, Садуақасова Ләйлім Кенжебайқызы.
Жақсы аудандық
аумақтық сайлау комиссиясы