«Ақмола облысы Жақсы ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарты

 

«Ақмола облысы Жақсы ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарты

 

         Осы сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарт «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» 2015 жылғы 18 қарашадағы Қазақстан Республикасы Заңының 10 бабына сәйкес, Жақсы ауданы әкімдігінің қызметкерлері арасында сыбайлас жемқорлық көріністерін болдырмауды арттыру және сыбайлас жемқорлық көріністеріне мүлдем төзбеушілікті мақсатында әзірленген.

  1. Қоғамдық қатынастар салаларының атауы: жергілікті мемлекеттік басқарма.
  2. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарттарды әзірлеушінің атауы: «Ақмола облысы Жақсы ауданы әкімі аппараты» мемлекеттік мекемесі.
  3. Мекемелер қызметін қамтамасыз ету саласында жұмыс істейтін қызметкерлердің мінез-құлық (әрекет) ережелері:

3.1 Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарттармен қозғалатын салада жеке және заңды тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделерін іске асыру кезінде:

  3.1.1. заңдылық қағидаттарын, Қазақстан Республикасы Конституцияның, заңдары мен өзге де нормативтік құқықтық актілерінің талаптарын басшылыққа алуға;

3.1.2. азаматтар мен заңды тұлғалар құқықтарының, бостандықтары мен заңды мүдделерiнiң сақталуын және қорғалуын қамтамасыз етуге, азаматтардың өтiнiштерiн заңнамада белгіленген тәртiппен және мерзiмдерде қарауға және олар бойынша қажеттi шаралар қабылдауға;

3.1.3. мемлекеттік қызметтерді тұтынушы ретінде халықтың сұрауларына толық сүйене отырып, тұрақты негізде көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің сапасын арттыру бойынша шаралар қабылдау;

3.1.4. жеке және заңды тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделерін қозғайтын, ашықтықты қамтамасыз ететін шешімдер қабылдау;

3.1.5. лауазымдық өкілеттіктерін атқару кезiнде алатын, азаматтардың жеке өмiрiн, ар-намысы мен қадiр-қасиетiн қозғайтын мәлiметтердi жария етпеуге және Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларды қоспағанда, олардан мұндай ақпарат берудi талап етпеуге;

3.1.6. жеке сипаттағы мәселелерді шешу кезінде мемлекеттік органдардың, ұйымдардың, мемлекеттік қызметкерлер мен өзге де адамдардың қызметіне ықпал ету үшін өзінің қызметтік жағдайын пайдаланбау;

3.2. Өз құзыреті шеңберінде басқарушылық және өзге шешімдерді даярлау және қабылдау кезінде:   

3.2.1. мүдделер қақтығысына жол бермеу, ал ол туындаған кезде заңнамаға сәйкес жою бойынша шара қолдану; 

3.2.2. сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет етуде, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарын ашуда белсенділік таныту;

3.2.3 мүдделер қақтығысының туындағаны, қызметтік міндеттемелерін орындау кезінде жеке мүдделілін білдіргені, сыбайлас жемқорлық мінез-құлыққа түсу және сыйлықтар алу туралы білген кезде тікелей басшысына баяндауға міндетті;

3.2.4. өз өкілеттіліктерін берілген құқықтары шегінде және лауазымдық міндеттеріне сәйкес атқару;

3.2.5. қарамағындағы және басқа да қызметкерлердің тарапынан сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың нормаларын бұзу фактілеріне жол бермеу және жолын кесу;

3.2.6. мүліктік және мүліктік емес пайда мен басымдылық алу мақсатында таралуға жатпайтын қызметтік және басқа ақпаратты пайдаланбау;

3.2.7. егер тағайындау туыстық қатынаста тұратын тұлғалардың (ата-анасы, жұбайы, бауыры, апа-қарындасы, балалары, жиендері, ағалары, тәтелері, әжелері, аталары, жұбайының жақын туыстары) тікелей бағынышына немесе бақылауына байланысты болса, лауазымға тағайындалудан бас тарту;

3.2.8. сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет етуде, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарын ашуда белсенділік таныту;

3.2.9.  сыбайлас жемқорлықтың, сол сияқты материалдарды тездетіп қарағаны үшін әлдебір пайда алуға итермелеу немесе сөзбұйдалық бойынша белгілі болған деректер туралы дереу басшылыққа хабарлау;

3.3.  нормативтік құқықтық актілердің жобаларына ұсыныстар даярлау кезінде:  

3.3.1. Қазақстан Республикасының  2016 жылғы 6 сәуірдегі «Құқықтық актілер туралы» заңын қатаң ұстану;

3.3.2. өзіне және үшінші тұлғалардың игілігіне пайда табу мақсатында нормативтік құқықтық актілердің қабылдануына жол бермеу;

3.3.3. нормативтік құқықтық нормалар құрамында сыбайлас жемқорлық факторлар және олардың белгілері бар болса  пайдаланбау.

3.4. тыныс-тіршілік саласы ерекшелігіне байланысты туындайтын өзге қарым-қатынастар кезінде:   

3.4.1. мемлекет мүдделеріне шығын келтіретін, мемлекеттік органдардың жұмысына бөгет болатын және тиімділігін түсіретін әрекеттерге төтеп беру; 

3.4.2. заңмен белгіленген тәртіптік, әкімшілік немесе қылмыстық жауапкершілікке тартылатын қателіктер мен өзге де құқық бұзушылықтарға жол бермеу; 

3.4.3. іскерлік әдеп пен ресми тәртіп ережелерін сақтау;

3.4.4. басқа мемлекеттік қызметкерлер тарапынан қызметтік әдеп нормаларын бұзушылығын болдырмау немесе бетін қайтару бойынша шаралар қолдану;

3.4.5. ұжымда, әріптестердің ар намысы мен абыройына нұқсан келтіретін жеке және кәсіптік қасиеттерін талқылаудан ұстану.

  1. Өзге де шектеулер мен тыйым салулар:

4.1. мемлекеттік қызметшілерге саяси партиялардың, басқа қоғамдық бірлестіктердің, діни бірлестіктер мен басқа да ұйымдардың шешімдері өзінің кәсіби қызметтік жұмысына әсер етуіне жол бермейтін бейтараптық қатынас ұстану қажет;

4.2. мемлекеттік қызметшілер сайлау алдындағы үгіт үшін, сол сияқты референдум мәселесі бойынша үгіттеу үшін лауазымдық жағдайының басымдығын пайдаланбаулары керек;

4.3. мемлекеттік қызметшілер саяси партиялардың, басқа қоғамдық бірлестіктердің, діни бірлестіктер мен басқа да ұйымдардың мүдделері үшін өзінің лауазымдық құзыретін пайдаланбауы керек;

4.4. мемлекеттік қызметшінің қызметтік мінез-құлығы конституциялық қағидаттардан туындауы керек, соған сәйкес адам, оның құқықтары мен еркі жоғары құндылық болып табылады және әрбір азамат өзінің жеке өміріне, жеке және отбасылық құпиясына қол сұққызбауға, ар-ожданы мен өзінің адал атын қорғауға құқылы;

4.5. мемлекеттік қызметшінің мінез-құлығы сыпайы болуы керек, оған адамдарға дөрекілік танытуға, өзін олардан жоғары ұстауға, намысына тиюге, қоқан-лоққы көрсетуге жол беруге болмайды;

4.6. мемлекеттік қызметші қарамағындағылар үшін үлгі болуы керек (адал, әділ, ымырасыз, сыпайы, ізгі ниетті, мұқият болу және азаматтармен, әріптестермен қатынаста шыдамдылық таныту);

4.7. өзінің лауазымдық міндеттерін атқару кезінде қызмет жағдайы мен қызметтік іс-шараның форматына байланысты мемлекеттік қызметшінің сыртқы келбеті азаматтардың мемлекеттік органдарға деген құрметіне ықпал етуі, жалпы қабылданған ресми, ұстамды, дәстүрлі, ұқыпты іскерлік үлгіге сай болуы керек.

Дата публикации
26 ноября 2020