«Б» корпусының бос әкімшілік және мемлекеттік лауазымдарына орналасуға жалпы конкурс
«Ақмола облысы Жақсы ауданы әкімінің аппараты» ММ
Конкурс туралы мәліметтер
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
Жеке қасиеттерді бағалауға тестілеу:
Мәтіндік және сандық ақпаратпен жұмыс істеу қабілетін бағалау:
Әңгімелесу:
Анықтама телефоны: 87163521202
E-R-4 санаты үшін орташа лауазымдық жалақы: 243700
(Лауазымдық жалақы нақты қызметкердің жұмыс өтіліне байланысты хабарландыруда көрсетілгеннен өзгеше болуы мүмкін)
Лауазым атауы:
«Жақсы ауданының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бас маман «Е-R-4» санаты, 1 бірлік.
Негізгі функционалдық міндеттері: Агроөнеркәсіптік кешенді дамыту саласындағы өңірлік бағдарламаларды іске асыру және талдау бойынша жұмыстарды жүргізуді жүзеге асырады. Ауыл шаруашылығы малдарын қолдан ұрықтандыруды жүргізу туралы, мал шаруашылығы бойынша шаруашылықтар бөлінісінде, өнім түрлері бойынша және мал шаруашылығының қайта өңдеу өнімдерін жеткізу бойынша есептілікті қабылдайды. Мал шаруашылығын дамытуға субсидия алу үшін ауданның ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерінен құжаттарды жинауды жүргізеді. Жеке қосалқы шаруашылықтың болуы туралы, сою алаңдары туралы, етті мал шаруашылығын дамыту бағдарламасының іске асырылу барысы туралы есеп жүргізеді. Аудан және облыс орталығында ауыл шаруашылығы жәрмеңкесін ұйымдастыруға және өткізуге қатысады. Мемлекеттік қызмет көрсетеді. Лауазымдық нұсқаулыққа сәйкес өзге де міндеттерді жүзеге асырады. А блогы, 4 деңгей.
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі не орта білімнен кейінгі немесе ғылым, ауыл шаруашылығы және биоресурстар, жаратылыстану ғылымдары, математика және статистика (биология не биотехнология) немесе ветеринария саласында.
Мынадай құзыреттердің болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны ақпараттандыруға бағдарлану, парасаттылық, өзін-өзі дамыту, жеделдік, ынтымақтастық және өзара іс-қимыл, қызметті басқару.
Жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.
Шағымдану тәртібі
Конкурстың қорытындыларына және/немесе кадр қызметінің әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымды уәкілетті органға немесе оның аумақтық бөлімшесіне конкурс қорытындылары жарияланған күннен бастап бес жұмыс күнінен кешіктірмей беру уәкілетті орган немесе оның аумақтық бөлімшесі келіп түскен шағым бойынша тиісті шешім қабылдағанға дейін конкурсты тоқтата тұру үшін негіз болып табылады.
https://www.eqyzmet.gov.kz/#/main/vacancy/actual/1014164.4617254299