«Ақмола облысы Жақсы ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің мемлекеттік-құқықтық бөлімінің бас маманы, «E-4» санаты

 

«Б» корпусының бос әкімшілік және мемлекеттік лауазымдарына орналасуға жалпы конкурс

«Ақмола облысы Жақсы ауданы әкімінің аппараты» ММ

Конкурс туралы мәліметтер

Құжаттарды қабылдау мерзімі: 8.11.2025 -14.112025  

Жеке қасиеттерді бағалауға тестілеу:  22.11.2025

Мәтіндік және сандық ақпаратпен жұмыс істеу қабілетін бағалау: 26.11.2025

Әңгімелесу: 4.12.2025   

Анықтама телефоны: 87163521202

E-R-4 санаты үшін орташа лауазымдық жалақы: 181109

(Лауазымдық жалақы нақты қызметкердің жұмыс өтіліне байланысты хабарландыруда көрсетілгеннен өзгеше болуы мүмкін)

Лауазым атауы:

  1. «Ақмола облысы Жақсы ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің мемлекеттік-құқықтық бөлімінің бас маманы, «E-4» санаты, 1 бірлік.

Негізгі функционалдық міндеттері: Мемлекеттік тіркеу үшін әділет органдарына жіберу үшін нормативтік құқықтық актілерді дайындайды. Ауданның ауылдары, ауылдық округтері әкімдерінің аппараттарынан оларды зерделеу және әділет органдарына одан әрі ұсыну үшін тізбеге қалыптастыру үшін құқықтық актілерді жинау бойынша жұмыс жүргізеді. Нормативтік құқықтық актілердің жобаларын «Ашық НҚА» интернет-порталында орналастырады. Келіп түскен прокурорлық ден қою актілері, сот актілері бойынша «ИАС ИНТЕГРО» дерекқорын жүргізеді. Белгіленген тәртіппен аудан әкімінің, аудан әкімі аппаратының мүдделерін сотта, сондай-ақ құқықтық мәселелерді қарау кезінде басқа да органдарда білдіреді. Белгіленген тәртіппен аудан әкімінің, аудан әкімі аппаратының мүдделерін сотта, сондай-ақ құқықтық мәселелерді қарау кезінде басқа да органдарда білдіреді. Штабтың нашақорлық және есірткі бизнесі жөніндегі жұмысын үйлестіреді. Бөлімде іс қағаздарын жүргізеді. Лауазымдық нұсқаулыққа сәйкес өзге де міндеттерді жүзеге асырады. В блогы, 3 деңгей.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім, осы Үлгілік біліктілік талаптарының 9-тармағына сәйкес жұмыс өтілі бір жылдан кем емес немесе осы санаттағы накты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес салаларда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі бар болған жағдайда орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білімі барларға рұқсат етіледі немесе бизнес, басқару және құқық (құқықтану, халықаралық құқық) саласында  орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны ақпараттандыруға бағдарлану, парасаттылық, өзін-өзі дамыту, жеделдік, ынтымақтастық және өзара іс-қимыл, қызметті басқару.

Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім болған жағдайда жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.

          Шағымдану тәртібі

Конкурстың қорытындыларына және/немесе кадр қызметінің әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымды уәкілетті органға немесе оның аумақтық бөлімшесіне конкурс қорытындылары жарияланған күннен бастап бес жұмыс күнінен кешіктірмей беру уәкілетті орган немесе оның аумақтық бөлімшесі келіп түскен шағым бойынша тиісті шешім қабылдағанға дейін конкурсты тоқтата тұру үшін негіз болып табылады.

 

https://www.eqyzmet.gov.kz/#/main/vacancy/actual/1014164.4617233922

 

Дата публикации
10 ноября 2025