«Б» корпусының бос әкімшілік және мемлекеттік лауазымдарына орналасуға жалпы конкурс
«Ақмола облысы Жақсы ауданы әкімінің аппараты» ММ
Конкурс туралы мәліметтер
Құжаттарды қабылдау мерзімі: 04.11.2025 – 10.11.2025
Жеке қасиеттерді бағалауға тестілеу: 18.11.2025
Мәтіндік және сандық ақпаратпен жұмыс істеу қабілетін бағалау: 21.11.2025
Әңгімелесу: 27.11.2025
Анықтама телефоны: 87163521202
E-R-4 санаты үшін орташа лауазымдық жалақы: 243700
(Лауазымдық жалақы нақты қызметкердің жұмыс өтіліне байланысты хабарландыруда көрсетілгеннен өзгеше болуы мүмкін)
Лауазым атауы:
«Жақсы ауданының жер қатынастары, сәулет және қала құрылысы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бас маман «Е-R-4» санаты, 1 бірлік.
Негізгі функционалдық міндеттері: Заңды және жеке тұлғалардың жер учаскелерін беру жөніндегі өтініштерін, жеке және заңды тұлғалардың жер құқықтық қатынастары жөніндегі шағымдары мен өтініштерін қарайды. Жер комиссиясына материалдарды, жер учаскелеріне құқықтарды беру, қайта тіркеу, ұзарту немесе бас тарту туралы аудандық әкімдік қаулыларының жобаларын дайындауды, жер сауда-саттығын (конкурстар, аукциондар) өткізуді ұйымдастыруды жүзеге асырады. Жер учаскелерінің меншік иелері мен жер пайдаланушылардың, сондай-ақ жер құқықтық қатынастарының басқа да субъектілерінің есебін жүргізу жөніндегі жұмысты жүзеге асырады. Мемлекеттік қызмет көрсетеді. Лауазымдық нұсқаулыққа сәйкес өзге де міндеттерді жүзеге асырады.А блогы, 4 деңгей.
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі не орта білімнен кейінгі немесе ғылым, инженерлік, өңдеу және құрылыс салалары (сәулет және құрылыс не стандарттау және сертификаттау (салалар бойынша) немесе бизнес, басқару және құқық (құқық) саласында.
Мынадай құзыреттердің болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны ақпараттандыруға бағдарлану, парасаттылық, өзін-өзі дамыту, жеделдік, ынтымақтастық және өзара іс-қимыл, қызметті басқару.
Жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.
Шағымдану тәртібі
Конкурстың қорытындыларына және/немесе кадр қызметінің әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымды уәкілетті органға немесе оның аумақтық бөлімшесіне конкурс қорытындылары жарияланған күннен бастап бес жұмыс күнінен кешіктірмей беру уәкілетті орган немесе оның аумақтық бөлімшесі келіп түскен шағым бойынша тиісті шешім қабылдағанға дейін конкурсты тоқтата тұру үшін негіз болып табылады.
https://www.eqyzmet.gov.kz/#/main/vacancy/actual/1014164.4611248500
жер қатынастары, сәулет және қала құрылысы бөлімінің бас маманы