«Б» корпусының бос әкімшілік және мемлекеттік лауазымдарына орналасуға жалпы конкурс
«Ақмола облысы Жақсы ауданы әкімінің аппараты» ММ
Конкурс туралы мәліметтер
Құжаттарды қабылдау мерзімі: 22.10.2025-29.10.2025
Жеке қасиеттерді бағалауға тестілеу: 06.11.2025
Мәтіндік және сандық ақпаратпен жұмыс істеу қабілетін бағалау: 09.11.2025
Әңгімелесу: 14.11.2025
Анықтама телефоны: 87163521202
E-R-4 санаты үшін орташа лауазымдық жалақы: 210086
(Лауазымдық жалақы нақты қызметкердің жұмыс өтіліне байланысты хабарландыруда көрсетілгеннен өзгеше болуы мүмкін)
Лауазым атауы:
«Жақсы ауданының құрылыс бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бас маман «Е-R-4» санаты, 1 бірлік.
Негізгі функционалдық міндеттері: Тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің тізбесі бойынша мемлекеттік сатып алу жоспарын әзірлейді. Конкурстық немесе аукциондық құжаттаманы әзірлеуге қатысады, конкурстық немесе аукциондық құжаттамаға өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізуге бастамашылық жасайды, мемлекеттік сатып алуды өткізу туралы хабарландыруларды орналастырады, әлеуетті өнім берушілердің өтінімдерін біліктілік талаптарына және конкурстық құжаттаманың талаптарына сәйкестігін қарайды, заңнамаға сәйкес мемлекеттік сатып алудың жеңімпазын айқындайды. Облыстың мемлекеттік мекемелері мен кәсіпорындары жүзеге асыратын мемлекеттік сатып алуларға, оның ішінде мемлекеттік сатып алу веб-порталы арқылы талдау жүргізеді. Экономика және қаржы бөліміне жоспарланған, жарияланған және өткізілген ашық конкурстар туралы ақпарат береді. В блогы, 3 деңгей.
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі не орта білімнен кейінгі немесе ғылым, бизнес, басқару және құқық (экономика немесе есеп және аудит немесе қаржы немесе құқықтану немесе халықаралық құқық) саласында.
Мынадай құзыреттердің болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны ақпараттандыруға бағдарлану, парасаттылық, өзін-өзі дамыту, жеделдік, ынтымақтастық және өзара іс-қимыл, қызметті басқару.
Жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.
Шағымдану тәртібі
Конкурстың қорытындыларына және/немесе кадр қызметінің әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымды уәкілетті органға немесе оның аумақтық бөлімшесіне конкурс қорытындылары жарияланған күннен бастап бес жұмыс күнінен кешіктірмей беру уәкілетті орган немесе оның аумақтық бөлімшесі келіп түскен шағым бойынша тиісті шешім қабылдағанға дейін конкурсты тоқтата тұру үшін негіз болып табылады.
https://www.eqyzmet.gov.kz/#/main/vacancy/actual/1014164.4599220375