Жақсы ауданы әкімдігінің 2021 жылғы 18 казандағы № а-7/182 қаулысымен бекітілген стационарлық емес сауда объектілерін орналастыруорындарын бөлу бойыншаконкурс өткізу туралы хабарландыру (ҚР Әділет министрлігінде 2021 жылғы 25 қазандағы № 24876 болып тіркелді)
Өтініштерді қабылдау: 2025 жылғы 23 қыркүйек – 22 қазан аралығы.
Қатысуға өтінімдер мына мекен-жай бойынша қабылданады: Жақсы ауылы, Жружба көшесі 14, 2 қабат, анықтама үшін телефон: 8 (71635) 21071. Конкурсқа қатысуға өтінімдер (конкурстық өтінім) 2025 жылғы 22 қазан сағат 18:30-ға дейін қабылданады.
Конкурсқа кәсіпкерлік субъектілері қатыса алады.
Конкурсқа қатысуға өтінімді қатысушы мөрленген конвертте береді. Конвертте көрсетілуі керек: қатысушы туралы мәліметтер (кәсіпкерлік субъектісі), байланыс ақпараттары, берілген күні. Өтінім тігілген және нөмірленген болуы тиіс.
Конкурсқа қатысуға өтінім келесі құжаттардан тұрады:
1) конкурстық құжаттаманың 2-қосымшасына сәйкес конкурсқа қатысуға өтініш;
2) өтініш берушінің немесе өкілінің сенімхат бойынша жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
3) ұйымның нысанын куәландыратын құжаттың көшірмесі(жеке кәсіпкер мен шаруа қожалығы – тіркеу туралы куәлік/талон, заңды тұлға – мемлекеттік тіркеу(қайта тіркеу) туралы куәлік);
4) кәсіпорынның мөрімен расталған өкілдің уәкілеттілігін куәландыратын құжаттың көшірмесі;
5) эскиздік жобаның көшірмесі немесе стационарлық емес сауда объектісінің фотосуреті;
6) өтініште көрсетілген мәліметтерді растайтын құжаттардың көшірмелері (келісімшарттардың көшірмесі, ауыл шаруашылығы өндірісі үшін жер учаскесінің болуы туралы мәліметтер және т. б.);
7) салық органының салық берешегінің жоқтығы (болуы) туралы анықтама.
Бірнеше орынға өтінім беруге қатысқан жағдайда, әрбір орынға жеке өтінім беріледі.
Конкурсқа қатысуға ұсынылған құжаттар өтініш берушіге қайтарылмайды.
Конкурсты ұйымдастырушы конкурсқа қатысуға тапсырылғанөтінімдердеқамтылған мәліметтер және ақпараттың құпиялылығын конверттерді ашқанға дейін оның жабық түрде сақталуын қамтамасыз етуге міндетті.
Қатысушы өтінімдіконкурсқа қатысуға өтінімберу мерзімі аяқталғанға дейін өзгертуге немесе кері қайтарып алуға құқылы.
Конкурстық өтінімдерді ұсынудың соңғы мерзімінен кейін келіп түскен өтінімдер қабылданбайды және оны ұсынған тұлғаларға қайтарылады. Берілген өтінімдерді өзгертуге рұқсат етілмейді.
Конкурстық құжаттама танысу үшін электрондық https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola-zhaksy/activities/36571?lang=ru&parentId=5429 ресми сайтында жарияланған.
Конкурстың қорытындысы конкурс комиссиясының отырысы өткеннен кейін 10 жұмыс күні ішінде Жақсы ауданы әкімдігінің https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola-zhaksy/activities/36571?lang=ru&parentId=5429 ресми сайтында жарияланады.
|
№ |
Стационарлық емес сауда объектілерін орналастыру орындары |
Қызмет саласы |
Алатын алаңы |
Сауда қызметін жүзеге асыру кезеңі |
Жақын орналасқан инфрақұрылым |
|
1 |
Жақсы ауылы Тәуелсіздік 22 көшесі, аялдаманың жанында |
Азық-түлік/азық-түлік емес тауарлар |
15 шаршы метрден 3 орын |
5 жыл |
ұқсас тауарлар ассортименті сатылатын сауда объектілері жоқ |
|
2 |
Жақсы ауылы Тәуелсіздік 2 көшесі, мешіт ғимаратының жанында |
Азық-түлік/азық-түлік емес тауарлар |
5 шаршы метрден 2 орын |
5 жыл |
ұқсас тауарлар ассортименті сатылатын сауда объектілері жоқ |
|
3 |
Жақсы ауылы Тәуелсіздік 29 А көшесі, Ақмола облысы ветеринария басқармасының "Жақсы ауданының ветеринариялық станциясы" шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорнының жанында |
Азық-түлік / азық-түлік емес тауарлар |
5 шаршы метрден 2 орын |
5 жыл |
ұқсас тауарлар ассортименті сатылатын сауда объектілері жоқ |
|
4 |
Жақсы аулы Тәуелсіздік 18Б көшесі, бөлшектер дүкенінің жанында |
Азық-түлік/азық-түлікеместауарлар |
18 шаршы метрден 1 орын |
5 жыл |
ұқсас тауарлар ассортименті сатылатын сауда объектілері жоқ |