«Жақсы ауданының ішкі саясат, мәдениет, тілдерді дамыту және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысының орынбасары, «E-R-2» санаты, 1 бірлік.

«Б» корпусының бос әкімшілік және мемлекеттік лауазымдарына орналасуға жалпы конкурс

«Ақмола облысы Жақсы ауданы әкімінің аппараты» ММ

Конкурс туралы мәліметтер

Құжаттарды қабылдау мерзімі:  19.09.2025-25.09.2025

Жеке қасиеттерді бағалауға тестілеу:  03.10.2025

Мәтіндік және сандық ақпаратпен жұмыс істеу қабілетін бағалау:  08.10.2025

Әңгімелесу:  13.10.2025

Анықтама телефоны: 87163521202

E-3 санаты үшін орташа лауазымдық жалақы: 327923

(Лауазымдық жалақы нақты қызметкердің жұмыс өтіліне байланысты хабарландыруда көрсетілгеннен өзгеше болуы мүмкін)

Лауазым атауы:

  1. «Жақсы ауданының ішкі саясат, мәдениет, тілдерді дамыту және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысының орынбасары, «E-R-2» санаты, 1 бірлік.

Негізгі функционалдық міндеттері: Аудандық салтанатты іс-шараларды, конференцияларды, семинарларды және басқа да мәдени-бұқаралық, демалыс іс-шараларын дайындауға, ұйымдастыруға және өткізуге қатысады. Өңірлік спорттық іс-шараларды ұйымдастырады және өткізуді қамтамасыз етеді, БАҚ-да түрлі спорттық-бұқаралық іс-шараларды жариялау мәселелерін үйлестіреді. Мәдени нысандардың ұйымдастырылуын және үздіксіз жұмысын реттейді. Аудан басшылығы үшін барлық құзыреттілік мәселелері бойынша талдамалық материалдар мен шолулар дайындайды. Ауданда барлық спорттық-бұқаралық жарыстарды өткізуді үйлестіреді. Әлеуметтік желілерде және БАҚ-да теріс жарияланымдар тұрғысынан талдау және мониторинг жүргізеді. БАҚ-да және әлеуметтік желілерде мемлекеттік ақпараттық саясатты іске асырады, тұрақты негізде аудандағы қоғамдық-саяси жағдайды сүйемелдеуді және хабардар етуді қамтамасыз етеді. Өз құзыреті шеңберінде азаматтардың өтініштерін қарайды. А блогы, 6 деңгей.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: педагогика ғылымдары немесе өнер және гуманитарлық ғылымдар (тарих немесе филология немесе дінтану немесе теология) немесе әлеуметтік ғылымдар, журналистика және ақпарат (халықаралық қатынастар немесе мәдениеттану немесе  әлеуметтану немесе саясаттану немесе кітапхана ісі немесе журналистика) немесе бизнес, басқару және құқық (құқықтану немесе экономика немесе есеп және аудит немесе қаржы немесе мемлекеттік және жергілікті басқару) немесе қызметтер (мәдени-демалыс жұмысы)  саласындағы  жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім.

Мынадай құзыреттердің бар болуы: күйзеліске төзімділік, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны ақпараттандыруға бағдарлану, адалдық, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару, шешім қабылдау, көшбасшылық;

Жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

1) жұмыс өтілі екі жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-5, В-6, С-5, C-O-6, C-R-3, D-5, D-O-5, D-R-3, Е-4, E-R-3, E-G-2 санаттарынан төмен емес лауазымдарда бір жылдан кем емес;

      2) жұмыс өтілі екі жылдан кем емес, оның ішінде құқық қорғау немесе арнайы мемлекеттік органдарының лауазымдарында немесе әскери қызметтің басшылық лауазымдарында немесе судья лауазымында бір жылдан кем емес;

      3) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі екі жылдан кем емес егер ұйымдардың басшылық лауазымдарында бір жылдан кем емес жұмыс өтілі болған жағдайда.

 

Шағымдану тәртібі

Конкурстың қорытындыларына және/немесе кадр қызметінің әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымды уәкілетті органға немесе оның аумақтық бөлімшесіне конкурс қорытындылары жарияланған күннен бастап бес жұмыс күнінен кешіктірмей беру уәкілетті орган немесе оның аумақтық бөлімшесі келіп түскен шағым бойынша тиісті шешім қабылдағанға дейін конкурсты тоқтата тұру үшін негіз болып табылады.

https://www.eqyzmet.gov.kz/#/main/vacancy/actual/1014164.4499609890

Дата публикации
18 сентября 2025