«Жақсы ауданының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бас маман «Е-R-4» санаты, 1 бірлік.

«Б» корпусының бос әкімшілік және мемлекеттік лауазымдарына орналасуға жалпы конкурс

«Ақмола облысы Жақсы ауданы әкімінің аппараты» ММ

Конкурс туралы мәліметтер

Құжаттарды қабылдау мерзімі:  13.09.2025-19.09.2025

Жеке қасиеттерді бағалауға тестілеу:  27.09.2025

Мәтіндік және сандық ақпаратпен жұмыс істеу қабілетін бағалау: 01.10.2025

Әңгімелесу:  07.10.2025

Анықтама телефоны: 87163521202

E-R-4 санаты үшін орташа лауазымдық жалақы: 210086

(Лауазымдық жалақы нақты қызметкердің жұмыс өтіліне байланысты хабарландыруда көрсетілгеннен өзгеше болуы мүмкін)

Лауазым атауы:

«Жақсы ауданының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі»  мемлекеттік мекемесінің  бас маман «Е-R-4» санаты, 1 бірлік.

 

Негізгі функционалдық міндеттері: тұқым шаруашылығы субъектілерінің тұқым шаруашылығы саласындағы әдістемелік және технологиялық талаптарды сақтауына мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады. Субсидиялауға жататын тұқымдардың әрбір түрі бойынша жыл сайынғы квоталарды келіседі. Тиісті куәлік бере отырып, тұқым сапасына сараптама жасау жөніндегі зертханаларды аттестаттауды жүргізеді. Апробаторлар мен тұқым сарапшыларының кадрларын даярлауды және олардың біліктілігін арттыруды ұйымдастырады. Ауыл шаруашылығы өсімдіктері тұқымдарының сорттық және егістік сапасына сараптама жүргізу жөніндегі нормативтік құқықтық актілердің сақталуын бақылауды жүзеге асырады. Агроөнеркәсіптік кешенді дамыту саласындағы өңірлік бағдарламаларды іске асыру және талдау бойынша жұмыстар жүргізеді. Ауыл шаруашылығы құрылымдарының ауыл шаруашылығы дақылдарын өсіру технологиясын сақтауы, сорттық егістерді жақсарту және отырғызу материалының жоғары сапалы сорттарын өсіру және сынақтан өткізу жұмыстарына қатысады. Өсімдік шаруашылығы бойынша субсидиялар алу үшін ауданның ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерінен құжаттар жинауға қатысады. «Азық-түлік корпорациясы» АҚ желісі бойынша мемлекеттік сатып алу бағдарламаларын орындау бойынша жұмыс жүргізеді. Шаруашылық бөлінісіндегі жұмыс түрлері бойынша және егін шаруашылығының қайта өңдеу өнімдерін жеткізу бойынша және элеваторлар бойынша егістік бойынша жедел есептілікті қабылдайды. Астықпен және оны қайта өңдеу өнімдерімен қамтамасыз ету мониторингін және бағалар мониторингін жүргізеді. Лауазымдық нұсқаулыққа сәйкес өзге де міндеттерді жүзеге асырады. В блогы, 3 деңгей.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі не орта білімнен кейінгі немесе ғылым, ауыл шаруашылығы және биоресурстар (агрономия немесе топырақтану және агрохимия немесе өсімдіктерді қорғау және карантин) саласында.

  Мынадай құзыреттердің болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны ақпараттандыруға бағдарлану, парасаттылық, өзін-өзі дамыту, жеделдік, ынтымақтастық және өзара іс-қимыл, қызметті басқару.

  Жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.

 

          Шағымдану тәртібі

Конкурстың қорытындыларына және/немесе кадр қызметінің әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымды уәкілетті органға немесе оның аумақтық бөлімшесіне конкурс қорытындылары жарияланған күннен бастап бес жұмыс күнінен кешіктірмей беру уәкілетті орган немесе оның аумақтық бөлімшесі келіп түскен шағым бойынша тиісті шешім қабылдағанға дейін конкурсты тоқтата тұру үшін негіз болып табылады.

https://www.eqyzmet.gov.kz/#/main/vacancy/actual/1014164.4490614445

 

 

 

 

 

 

 

Дата публикации
12 сентября 2025