2025 жылғы 3 қыркүйекте Жақсы аудандық әкімдігі жанындағы Кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияның отырысы өтті

2025 жылғы 3 қыркүйекте Жақсы ауданы әкімінің орынбасары О.Әбжановтың төрағалығымен Жақсы аудандық әкімдігі жанындағы Кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияның отырысы өткізілді.

Комиссия отырысында бекітілген Жоспарға сәйкес мынадай мәселелер қаралды:

1.«Кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғау және қалпына келтіру жөніндегі қамқоршылық және қорғаншылық бөлімінің қызметі туралы» (баяндамашы: Ақмола облысы білім басқармасының Жақсы ауданы бойынша білім бөлімі РММ-нің бас маманы Фахрутдинов Р.Р.);

2.«Кәмелетке толмағандар арасындағы қылмыстық жағдай және кәмелетке толмағандарға қатысты қылмыстар туралы» (баяндамашы: Жақсы ауданы полиция бөлімінің ОМПС ГЮП инспекторы Тимофеев В.Л.).

Комиссия отырысының қорытындысы бойынша баяндамашылардың ақпараты ескерілді, тиісті ұсыныстар берілді.

Дата публикации
04 сентября 2025