Аналитикалық анықтама «Жақсы Су Арнасы» ШЖҚ МКК-ның қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің нәтижелері бойынша Ақмола облысы, Жақсы ауданы әкімдігінің қарамағындағы «Жақсы Су Арнасы» ШЖҚ МКК

Жақсы ауылы                                                                     2025 жылғы 9 шілде

 

Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңына, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 19 қазандағы бұйрығымен бекітілген сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларына, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2022 жылғы 30 желтоқсандағы №488 бұйрығымен бекітілген әдістемелік ұсынымдарына сәйкес, Ақмола облысы Жақсы ауданы әкімдігіне қарасты «Жақсы Су Арнасы» ШЖҚ МКК директорының м.а. 2025 жылғы 20 мамырдағы №118 бұйрығына сәйкес бекітілген жұмыс тобы ішкі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін келесі бағыттар бойынша талдаудан өткізді:

  1. Кәсіпорын қызметін реттейтін нормативтік құқықтық актілердегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау.

Анализ жүргізу кезеңі: 2025 жылғы 2 маусымнан 30 маусымға дейін.
Талдау кезеңі: 2024 жылғы 1 қаңтардан 31 желтоқсанға дейін.

Ішкі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін талдау «Жақсы Су Арнасы» ШЖҚ МКК-де мемлекеттік органдар тарапынан бұған дейін жүргізілген тексеру нәтижелерін, құқықтық статистиканы, жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін, сондай-ақ заңмен шектелмеген басқа да ақпараттарды жинақтап, талдау және бағалау жолымен жүргізілді.

Кәсіпорын өз қызметін 2018 жылғы 13 ақпандағы № а-1/31 Жақсы ауданы әкімдігінің қаулысымен бекітілген Жарғы негізінде жүзеге асырады.

Талдау нәтижесінде төмендегідей мәселелер анықталды:

Нормативтік құқықтық актілердегі тәуекелдер:

Анықталған жоқ.

Ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметтегі тәуекелдер:

1) Қызметкерлердің штаттық саны – 105 адам. АУП – 7, өндірістік персонал – 66, қосалқы персонал – 32. 2024 жылы жұмыстан шыққан – 45 адам: (Өз еркімен – 32, Еңбек шартының аяқталуына байланысты – 12, Тараптардың еркінен тыс себептермен – 1). Тәртіптік негізде жұмыстан шығарылғандар жоқ. Таза ауыстырылым байқалмайды.

          2) Мүдделер қақтығысын реттеу: Анықталған жоқ. Жұмысқа қабылданғандардың директормен аффилирленуі, туыстық не некелік қатынаста болуы тіркелмеген.

3) Мемлекеттік қызметтер көрсету: Кәсіпорын мемлекеттік қызметтер көрсетпейді.

4) Рұқсат беру функцияларын жүзеге асыру: Тәуекелдер анықталмаған.

5) Бақылау-тексеру функцияларын жүзеге асыру:Тәуекелдер анықталмаған.

6) Бюджеттік және қаржылық қаражаттарды игеру және бөлу: 2024 жылғы табыс – 702 335,0 мың теңге, оның ішінде шаруашылық қызметтен – 146 430,0 мың теңге, қайтарымсыз алынған мүліктен – 62 434,0 мың теңге. Шығын – 755 465,0 мың теңге. Зиян – 53 130,0 мың теңге.

7) Жеке және заңды тұлғалармен шарттар жасау: Жеткізуші ретінде – 23 шарт, тапсырыс беруші ретінде – 49 шарт.

8) Ақпараттық жүйелерді әзірлеу және пайдалану: Тәуекелдер анықталмаған.

9) Басқа ұйымдастырушылық-басқарушылық мәселелер: Мемлекеттік сатып алулар ҚР «Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңына және Үкіметтің 2015 жылғы 11 желтоқсандағы №648 қаулысымен бекітілген Қағидаларға сәйкес жүзеге асырылады.

2024 жылы жалпы сомасы 33 432,4 мың теңгеге 15 шарт жасалды:Тікелей шарт – 2 шарт (123,8 мың теңге), Бағалық ұсыныстар әдісімен, жарамсыз деп танылған – 5 шарт (5 359,7 мың теңге), Бағалық ұсыныстармен – 4 шарт (7 710,03 мың теңге), Конкурстың 2-кезеңі,  рамалық келісім – 2 шарт (1 256,2 мың теңге), Ашық конкурс – 2 шарт (18 928,6 мың теңге).

Мемлекеттік аудит органдары тарапынан камералдық бақылау нәтижесінде мемлекеттік сатып алулардың қайта қаралу немесе күшін жою фактілері тіркелмеген.

Алайда, Жақсы ауданы прокуратурасы төмендегі заңбұзушылықты анықтады: 2024 жылғы 16 қаңтарда «Жақсы Су Арнасы» ШЖҚ МКК мен «Дәурен Заманбеков» ЖК арасында 28,5 млн теңгеге «Dong feng» маркалы ассенизатор сатып алу бойынша шарт жасалған. Бұл әрекет ҚР «Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңының 6-бабы 1-тармағының талаптарын бұзған.

Сыбайлас жемқорлық тәуекелі сипаттамасы: ҚР заңнамасымен қарастырылмаған жағдайда мемлекеттік сатып алудың ресми рәсімдерін өткізбеу, жылдық жоспарға енгізілмеген тікелей шарт жасасу.

Ұсыныстар: Жауапты қызметкерлермен мемлекеттік сатып алу заңнамасын сақтау бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізу; Мемлекеттік сатып алу жөніндегі маман сатып алуды электронды портал арқылы жүзеге асыруы қажет.

Бұқаралық ақпарат құралдарында және жеке/заңды тұлғалар тарапынан сыбайлас жемқорлық сипатындағы заңбұзушылықтар бойынша шағымдар түспеген.

Басқа ұйымдастырушылық-басқарушылық бағыттарда тәуекелдер анықталмаған.

Қорытынды ұсынымдар:

  1. Еңбекақы төлеу мәселелері бойынша заңнама талаптарын сақтау бойынша жауапты қызметкерлермен түсіндіру жұмыстарын жүргізу.
  2. Мемлекеттік сатып алу заңнамасын сақтау мәселелері бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізу.
  3. Мемлекеттік сатып алулар бойынша маман барлық шарттарды электрондық мемлекеттік сатып алу порталы арқылы жүзеге асыруы қажет.

 

 

Жұмыс тобының төрағасы:                                                          Зейналов Я.Р.

 

 

Жұмыс тобының мүшелері:                                                           Гафарова И.М.
Макишева А.С.
Смағұлов Т.Д.
Сұлтанбекова А.Т.

               

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                     

Ақмола облысы Жақсы ауданы әкімдігі жанындағы "Жақсы Су Арнасы" шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнында сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау нәтижелері бойынша анықталған сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне бейім лауазымдар тізбесі

 

№

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне бейім лауазым

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдері бар лауазымдық өкілеттіктер

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдері

 

Директор — Зейналов Ясин Раикович

ҚР қолданыстағы заңнамасына және Кәсіпорынның Жарғысына сәйкес кәсіпорын қызметіне басшылық жасау

Қаржылық-шаруашылық қызметке, мемлекеттік мүлікті басқаруға байланысты сыбайлас жемқорлық тәуекелдері

 

Бас бухгалтер — Гафарова Илюся Махмутовна

Бухгалтерлік есепті жүргізу, мемлекеттік мүлікті басқару

Қаржылық-шаруашылық қызметке, тауар-материалдық қорларды есепке алуға, коммуналдық қызметтерді, сумен жабдықтау бойынша көрсетілген қызметтерді есепке алуға, мемлекеттік мүлікті басқаруға және бақылау функцияларын жүзеге асыруға байланысты сыбайлас жемқорлық тәуекелдері

 

Юрисконсульт

ҚР заңнамасы мен Кәсіпорынның Жарғысына сәйкес шарттар жасасу

Шарттар жасасуға байланысты сыбайлас жемқорлық тәуекелдері

 

Бас инженер

ҚР қолданыстағы заңнамасына және Кәсіпорынның Жарғысына сәйкес кәсіпорын қызметіне басшылық жасау

Қаржылық-шаруашылық қызметке, мемлекеттік мүлікті басқаруға байланысты сыбайлас жемқорлық тәуекелдері

 

Экономист

Монополияға қарсы комитет бекіткен қызметтер бойынша есеп жүргізу

Қызметтер тарифтерін енгізуге байланысты сыбайлас жемқорлық тәуекелдері

 

Жылу жүйесіне жауапты шебер

Кәсіпорынның жылумен жабдықтау қызметіне басшылық жасау

Мемлекеттік мүлікті басқаруға және бақылау функцияларын жүзеге асыруға байланысты сыбайлас жемқорлық тәуекелдері

 

Сумен жабдықтау бойынша шебер

Кәсіпорынның сумен жабдықтау және су бұру қызметіне басшылық жасау

Мемлекеттік мүлікті басқаруға және бақылау функцияларын жүзеге асыруға байланысты сыбайлас жемқорлық тәуекелдері

 

Мемлекеттік сатып алулар жөніндегі маман

Кәсіпорынның қызметіне бөлінген қаражат есебінен мемлекеттік сатып алу рәсімдерін ұйымдастыру

Кәсіпорынның қызметіне бөлінген қаражат есебінен мемлекеттік сатып алу рәсімдеріне байланысты сыбайлас жемқорлық тәуекелдері

 

Кадр инспекторы

ҚР қолданыстағы заңнамасы мен Кәсіпорын Жарғысына сәйкес кадр есебін жүргізу

Қаржылық-шаруашылық қызметке, мемлекеттік мүлікті (бюджеттік қаражатты) басқаруға байланысты сыбайлас жемқорлық тәуекелдері

 

Директордың м.а.                                                                                                      Зейналов Я.Р.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Дата публикации
21 июля 2025