2025 жылғы 13 шілдеде өткен Жақсы ауданы Новокиенка, Терісаққан ауылдары және Ешім ауылдық округі әкімдерінің сайлауын қорытындылау туралы ХАБАРЛАМА

          2025 жылғы 13 шілдеде  Жақсы ауданы Новокиенка, Терісаққан  ауылдары және Ешім ауылдық округі, үш сайлау округі бойынша сайлау өтті.

          Жақсы аудандық сайлау комиссиясы «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 14-бабының 9) тармақшасына, 44-бабының 2-тармағына, 45-бабына, 113-10-бабына сәйкес, Жақсы ауданының ауылдар мен ауылдық округі әкімдерінің сайлау нәтижелері туралы учаскелік сайлау комиссияларының хаттамалары негізінде сайлау қорытындыларын белгіледі:

Ешім сайлау округі

Ешім ауылдық округі әкімінің сайлау бойынша:

         Сайлау округі бойынша сайлаушылар тізіміне 712 азамат енгізілді, олардың 522 дауыс берді. Жарамсыз бюллетеньдер саны – 10 «Барлығына қарсы» деген жолда белгі қойылған -13.

         Әрбір кандидат үшін берілген дауыстар саны:

         Борамбаева Диана Сайранқызы – 421; Михайлова Галина Юрьевна– 36; Тимакова Виктория Александровна– 42.

         Ешім  ауылдық округінің әкімі болып  Борамбаева Диана Сайранқызы сайланды, 1989 жылы туған, Ешім ауылдық округінің әкімі, Ешім ауылының тұрғыны,  «AMANAT» партиясы арқылы ұсынылды.

          Новокиенка сайлау округі

Новокиенка ауылы әкімінің сайлау бойынша:

         Сайлау округі бойынша сайлаушылар тізіміне 447 азамат енгізілді, олардың 364 дауыс берді. Жарамсыз бюллетеньдер саны – 12, «Барлығына қарсы» деген жолда белгі қойылған -42.

         Әрбір кандидат үшін берілген дауыстар саны:

         Бекқалиев Қанат Жаңғалиұлы – 260; Жилкенова Индира Бауржанқызы– 27; Мұханбетжанова Қарлыгаш Еркінқызы – 23.

         Новокиенка  ауылының әкімі болып  Бекқалиев Қанат Жаңғалиұлы сайланды, 1983 жылы туған, Жақсы ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасының бас маманы, Жақсы ауданы Жақсы ауылының тұрғыны, «AMANAT» партиясы арқылы ұсынылды.

          Терісаққан сайлау округі

Терісаққан ауылы әкімінің сайлау бойынша:

         Сайлау округі бойынша сайлаушылар тізіміне 153 азамат енгізілді, олардың 118 дауыс берді. Жарамсыз бюллетеньдер саны – 1, «Барлығына қарсы» деген жолда белгі қойылған -5.

         Әрбір кандидат үшін берілген дауыстар саны:

         Кенесова Еркеназ Мұханмедярқызы – 96; – Турченко Елена Минивалиевна – 9; Шмидт Ирина Валентиновна-7.

        Терісаққан  ауылының әкімі болып  Кенесова Еркеназ Мұханмедярқызы сайланды, 1966 жылы туған, Терісаққан ауылының әкімі, Жақсы ауданы Терісаққан ауылының тұрғыны, «AMANAT» партиясы арқылы ұсынылды.

            

 

 Жақсы аудандық сайлау комиссиясы

Дата публикации
14 июля 2025