2025 жылдың 13 шілдеге тағайындалған Жақсы ауданы Ешім ауылдық округі, Новокиенка, Терісаққан ауылдары әкімдеріне кандидаттарды тіркеу туралы Жақсы аудандық аумақтық сайлау комиссиясының хабарламасы

 

           «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 113-5-бабына сәйкес келіп түскен құжаттарды қарап, Жақсы аудандық аумақтық сайлау комиссиясы Жақсы ауданы Ешім ауылдық округі, Новокиенка, Терісаққан ауылдары әкімдігіне кандидаттарды тіркеді:

Жақсы ауданы Ешім ауылдық округі:

 - Диана Сайранқызы Борамбаева, 1989 жылы туған, «Жақсы ауданы Ешім ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ-нің әкімі, Жақсы ауданы Ешім ауылында тұрады (AMANAT партиясы);

- Галина Юрьевна Михайлова  тіркелді, 1967 жылы туған, «Жақсы ауданы Белағаш ауылы әкімінің аппараты» ММ-нің бас маманы, Жақсы ауданы Белағаш ауылында тұрады (өзін-өзі ұсыну жолы арқылы);

- Виктория Александровна Тимакова тіркелді, 1985 жылы туған, «Жақсы ауданы Киев ауылы әкімінің аппараты» ММ-нің бас маманы, Жақсы ауданы Киев ауылында тұрады (өзін-өзі ұсыну жолы арқылы)

Жақсы ауданы Новокиенка ауылы:

- Қанат Жаңғалиұлы Бекқалиев, 1983 жылы туған, Жақсы ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасының бас маманы, Жақсы ауданы Жақсы ауылында тұрады (AMANAT партиясы);

-  Индира Бауржанқызы Жилкенова, 1985 жылы туған, «Жақсы ауданы Жақсы ауылы әкімінің аппараты» ММ-нің бас маманы, Жақсы ауданы Жақсы ауылында тұрады (өзін-өзі ұсыну жолы арқылы);

- Қарлығаш Еркінқызы Мұханбетжанова, 1978 жылы туған, «Жақсы ауданы Тарасов ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ-нің бас маман-бухгалтер, Жақсы ауданы Тарасов ауылында тұрады (өзін-өзі ұсыну жолы арқылы)

Жақсы ауданы Терісаққан ауылы:

- Еркеназ Мұханмедярқызы Кенесова, 1966 жылы туған, «Жақсы ауданы Терісаққан ауылы әкімінің аппараты» ММ-нің әкімі, Жақсы ауданы Терісаққан ауылында тұрады (AMANAT партиясы);

- Елена Минивалиевна Турченко, 1975 жылы туған, «Жақсы ауданы Беловод ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ-нің бас маман-бухгалтер, Жақсы ауданы Беловод ауылында тұрады (өзін-өзі ұсыну жолы арқылы);

- Ирина Валентиновна Шмидт, 1988 жылы туған, «Жақсы ауданы Киев ауылы әкімінің аппараты» ММ-нің бас маман-бухгалтер, Жақсы ауданы Жақсы ауылында тұрады (өзін-өзі ұсыну жолы арқылы).

            Жақсы ауданы Ешім ауылдық округі, Новокиенка, Терісаққан ауылдары әкімдігіне тіркелген кандидаттардың сайлау алдындағы үгіт-насихатқа кірісуге құқығы бар, ол кандидатты тіркеу мерзімі аяқталған сәттен басталады және сайлау күнінің алдындағы күннің жергілікті уақыты бойынша нөл сағатта аяқталады.

       2025 жылдың 22 маусымда жергілікті уақыт бойынша сағат 18.00-ден кейін басталып, 2025 жылдың 12 шілдеде жергілікті уақыт бойынша нөл сағатта аяқталады.

        Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясының 2018 жылдың 25 тамызындағы «Кандидаттардың бұқаралық ақпарат құралдарына шығуы үшін қаражат бөлу қағидалары мен көлемдерін бекіту туралы» 12/202 қаулысына сәйкес барлық кандидаттарға үгіт-насихат жұмыстарын жүргізу үшін тең жағдайлар жасалатынына кепілдік беріледі.

 

 

 

Дата публикации
20 июня 2025