«Жақсы ауданының құрылыс бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бас маман

«Б» корпусының бос әкімшілік және мемлекеттік лауазымдарына орналасуға жалпы конкурс

«Ақмола облысы Жақсы ауданы әкімінің аппараты» ММ

Конкурс туралы мәліметтер

Құжаттарды қабылдау мерзімі:  20.06.2025-26.06.2025

Жеке қасиеттерді бағалауға тестілеу: 04.07.2025

Мәтіндік және сандық ақпаратпен жұмыс істеу қабілетін бағалау: 10.07.2025  

Әңгімелесу:  14.07.2025

Анықтама телефоны: 87163521202

E-R-4 санаты үшін орташа лауазымдық жалақы: 243700

(Лауазымдық жалақы нақты қызметкердің жұмыс өтіліне байланысты хабарландыруда көрсетілгеннен өзгеше болуы мүмкін)

Лауазым атауы:

«Жақсы ауданының құрылыс бөлімі» мемлекеттік мекемесінің  бас маман «Е-R-4» санаты, 1 бірлік.

 

Негізгі функционалдық міндеттері: Аудан аумағында мемлекеттік құрылыс саясатын жүзеге асырады. Жоғары тұрған органдардың құжаттарын уақытылы орындайды. Жаңа тұрғын үй саясатын, құрылыс бағдарламаларын, күрделі құрылысты іске асыру бөлігінде ауданның әлеуметтік-экономикалық даму жоспарларын келісуді әзірлеуге қатысады. Құрылыс-монтаж жұмыстары бойынша аудан бойынша есептерді жинақтау. Тұрғын және тұрғын емес ғимараттар мен құрылыстарды іске қосу бойынша есептерді жинақтау. Мемлекеттік сатып алу бойынша конкурстық құжаттаманы әзірлейді. Стратегиялық жоспарларды, шарттарды әзірлеу бойынша заң қызметін көрсетеді. Құрылыс-монтаж жұмыстары үшін құжаттарды дайындайды. Азаматтық даулар мен соттарда өкіл ретінде қатысады. Лауазымдық нұсқаулыққа сәйкес өзге де міндеттерді жүзеге асырады. А блогы, 4 деңгей.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі не орта білімнен кейінгі немесе ғылым, инженерлік, өңдеу және құрылыс салалары (сәулет және құрылыс) саласында.

  Мынадай құзыреттердің болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны ақпараттандыруға бағдарлану, парасаттылық, өзін-өзі дамыту, жеделдік, ынтымақтастық және өзара іс-қимыл, қызметті басқару.

  Жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.

 

          Шағымдану тәртібі

Конкурстың қорытындыларына және/немесе кадр қызметінің әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымды уәкілетті органға немесе оның аумақтық бөлімшесіне конкурс қорытындылары жарияланған күннен бастап бес жұмыс күнінен кешіктірмей беру уәкілетті орган немесе оның аумақтық бөлімшесі келіп түскен шағым бойынша тиісті шешім қабылдағанға дейін конкурсты тоқтата тұру үшін негіз болып табылады.

 

 

 

 

 

 

 

https://eqyzmet.gov.kz/#/main/vacancy/actual/1014164.4353292631

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Дата публикации
19 июня 2025