2025 жылдың 13 шілдеге тағайындалған Жақсы ауданы Ешім ауылдық округі, Новокиенка, Терісаққан ауылдары әкімдеріне кандидаттарды тіркеу туралы Жақсы аудандық аумақтық сайлау комиссиясының хабарламасы

    

         «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 113-5-бабына сәйкес, Ешім ауылдық округі, Новокиенка, Терісаққан ауылдары әкімдеріне кандидаттарды тіркеу туралы 2025 жылғы 19 маусымдағы шешімдері негізінде:

1.Ешім ауылдық округі әкіміне кандидат болып Диана Сайранқызы Борамбаева тіркелді, 1989 жылы туған, «Жақсы ауданы Ешім ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ-нің әкімі, Жақсы ауданы Ешім ауылында тұрады.

2.Новокиенка ауылы әкіміне кандидат болып Қанат Жаңғалиұлы Бекқалиев тіркелді, 1983 жылы туған, Жақсы ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасының бас маманы, Жақсы ауданы Жақсы ауылында тұрады.

3.Терісаққан ауылы әкіміне кандидат болып Елена Минивалиевна Турченко тіркелді, 1975 жылы туған, «Жақсы ауданы Беловод ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ-нің бас маман-бухгалтер, Жақсы ауданы Беловод ауылында тұрады.

Дата публикации
19 июня 2025