«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 23-бабының 5-тармағына, Жақсы аудандық аумақтық сайлау комиссиясының 2025 жылғы 4 маусымдағы № 11/26 «Жақсы ауданы Ешім ауылдық округі, Новокиенка және Терісаққан ауылдары әкімдерінің кезекті сайлауын тағайындау туралы» қаулысына, Жақсы ауданы әкімінің 2024 жылғы 8 тамыздағы № 2 «Жақсы ауданы аумағында сайлау учаскелерін құру туралы» шешіміне сәйкес, учаскелерінің шекараларын хабарлаймыз.
№ 463 сайлау учаскесі
Орналасқан жері: Новокиенка ауылы, Октябрьская көшесі 30А, «Ақмола облысы білім басқармасының Жақсы ауданы бойынша білім бөлімі Новокиенка ауылының жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимараты, тел: 8 (71635) 96-2-55.
Шекаралар: Новокиенка а.
№ 479 сайлау учаскесі
Орналасқан жері: Ешім ауылы, Бірәлі Нұртазин атындағы көшесі 33, «Ақмола облысы білім басқармасының Жақсы ауданы бойынша білім бөлімі Ешім ауылының жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимараты, тел: 8 (71635) 33-3-35.
Шекаралар: Ешім а.,Қазақстан а.
№ 480 сайлау учаскесі
Орналасқан жері: Монастырка ауылы, Тауасар көшесі 23, «Жақсы ауданы Ешім ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің тұрғын үй ғимараты, тел: 8 (71635) 33-0-04.
Шекаралар: Монастырка а.
№ 481 сайлау учаскесі
Орналасқан жері: Терісаққан ауылы, Майкөтов көшесі 23, Ақмола облысы білім басқармасының Жақсы ауданы бойынша білім бөлімі Терісаққан ауылының негізгі орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимараты, тел: 8 (71635) 33-4-08.
Шекаралар: Терісаққан а.
Жақсы ауданының әкімі