«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 13 баптың 4 тармағына, 22 баптың 2 тармағына, Жақсы аудандық аумақтық сайлау комиссиясының 2025 жылғы 4 маусымдағы № 11/26 «Жақсы ауданы Ешім ауылдық округі, Новокиенка және Терісаққан ауылдары әкімдерінің кезекті сайлауын тағайындау туралы» қаулысына сәйкес, сайлау округтардың шекаралары, Жақсы ауданы аумақтық сайлау комиссиясының орналасқан жері мен құрамы туралы хабарлаймыз.
Жақсы ауданы Ешім ауылдық округінің
әкімін сайлау бойынша сайлау округінің шекарасы
Жақсы ауданы Ешім ауылдық округінің әкімін сайлау бойынша сайлау округі – Ешім сайлау округі Ешім ауылдық округінің шекарасында.
Жақсы ауданы Новокиенка ауылы
әкімін сайлау бойынша сайлау округінің шекарасы
Жақсы ауданы Новокиенка ауылы әкімін сайлау бойынша сайлау округі – Новокиенка сайлау округі Новокиенка ауылы шекарасында.
Жақсы ауданы Терісаққан ауылы
әкімін сайлау бойынша сайлау округінің шекарасы
Жақсы ауданы Терісаққан ауылы әкімін сайлау бойынша сайлау округі – Терісаққан сайлау округі Терісаққан ауылы шекарасында.
Жақсы аудандық аумақтық сайлау комиссиясы
Орналасқан жері: Жақсы ауылы, Дружба көшесі 14, тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары бөлімі және тұрғын үй инспекциясы ғимараты, тел.8 (71635) 21-4-04.
Аудандық аумақтық сайлау комиссиясының құрамы:
Төрайымы – Тлепова Рената Рахымбекқызы; хатшы – Төлеубай Манас Сапиуллаұлы; комиссия мүшелері: Әбілжанов Руслан Жанарұлы, Ахамбаева Айгүл Мерекеқызы, Райсова Ксения Вячеславовна, Садвокасова Ләйлім Кенжебайқызы.
Жақсы аудандық сайлау комиссиясы