«Б» корпусының бос әкімшілік және мемлекеттік лауазымдарына орналасуға жалпы конкурс
«Ақмола облысы Жақсы ауданы әкімінің аппараты» ММ
Конкурс туралы мәліметтер
Құжаттарды қабылдау мерзімі: 27.02.2025-05.03.2025
Жеке қасиеттерді бағалауға тестілеу: 14.03.2025
Мәтіндік және сандық ақпаратпен жұмыс істеу қабілетін бағалау: 19.03.2025
Әңгімелесу: 26.03.2025
Анықтама телефоны: 87163521202
E-3 санаты үшін орташа лауазымдық жалақы: 282693
(Лауазымдық жалақы нақты қызметкердің жұмыс өтіліне байланысты хабарландыруда көрсетілгеннен өзгеше болуы мүмкін)
Лауазым атауы:
Негізгі функционалдық міндеттері: Бөлімнің қызметіне басшылықты, жергілікті атқарушы органдардың құқықтық жұмысының жай-күйіне мониторингті жүзеге асырады. Белгіленген тәртіппен сотта, сондай-ақ құқықтық мәселелерді қарау кезінде басқа да органдарда әкімнің, аудан әкімі аппаратының мүдделерін білдіреді. Аудан әкіміне, аудан әкімі аппаратының басшысына қол қоюға ұсынылатын заңнама талаптарына қаулылардың, өкімдердің, шешімдердің, бұйрықтардың, нұсқаулықтардың және құқықтық сипаттағы басқа да құжаттардың жобаларының сәйкестігін тексереді. Нормативтік актілерді әділет органдарына тіркеуге жіберу бойынша жұмысты ұйымдастырады. Шаруашылық қатынастарды реттейтін шарттар мен нормативтік актілерді әзірлеуге қатысады. Шағымдарды ұсыну және қарау бойынша жұмыстың жай-күйін және сот практикасын талдайды. Прокурорлық ден қою актілерін қарайды және олар бойынша жауаптар енгізеді. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес, құқық бұзушылықтардың алдын алу жөніндегі мемлекеттік бағдарламалардың іске асырылуын қамтамасыз етеді. Лауазымдық нұсқаулыққа сәйкес өзге де міндеттерді жүзеге асырады. В блогы, 5 деңгей.
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда, бизнес, басқару және құқық (құқықтану, халықаралық құқық) саласында осы Үлгілік біліктілік талаптарының 9-тармағына сәйкес кемінде екі жыл жұмыс өтілі болған кезде жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі.
Мынадай құзыреттердің болуы: стресске төзімділік, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабардар етуге бағдарлану, парасаттылық, ынтымақтастық және өзара іс-қимыл, қызметті басқару, шешім қабылдау, көшбасшылық, стратегиялық ойлау, өзгерістерді басқару.
Шағымдану тәртібі
Конкурстың қорытындыларына және/немесе кадр қызметінің әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымды уәкілетті органға немесе оның аумақтық бөлімшесіне конкурс қорытындылары жарияланған күннен бастап бес жұмыс күнінен кешіктірмей беру уәкілетті орган немесе оның аумақтық бөлімшесі келіп түскен шағым бойынша тиісті шешім қабылдағанға дейін конкурсты тоқтата тұру үшін негіз болып табылады.
https://eqyzmet.gov.kz/#/main/vacancy/actual/1014164.4176518201 - гос-правов.