Лауазымдық жалақысы еңбек сіңірген жылдарына байланысты 263131 теңгеден 302255 теңгеге дейін.
Негізгі функционалдық міндеттері: Бөлімнің қызметіне басшылықты, жергілікті атқарушы органдардың құқықтық жұмысының жай-күйіне мониторингті жүзеге асырады. Белгіленген тәртіппен сотта, сондай-ақ құқықтық мәселелерді қарау кезінде басқа да органдарда әкімнің, аудан әкімі аппаратының мүдделерін білдіреді. Аудан әкіміне, аудан әкімі аппаратының басшысына қол қоюға ұсынылатын заңнама талаптарына қаулылардың, өкімдердің, шешімдердің, бұйрықтардың, нұсқаулықтардың және құқықтық сипаттағы басқа да құжаттардың жобаларының сәйкестігін тексереді. Нормативтік актілерді әділет органдарына тіркеуге жіберу бойынша жұмысты ұйымдастырады. Шаруашылық қатынастарды реттейтін шарттар мен нормативтік актілерді әзірлеуге қатысады. Шағымдарды ұсыну және қарау бойынша жұмыстың жай-күйін және сот практикасын талдайды. Прокурорлық ден қою актілерін қарайды және олар бойынша жауаптар енгізеді. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес, құқық бұзушылықтардың алдын алу жөніндегі мемлекеттік бағдарламалардың іске асырылуын қамтамасыз етеді. Лауазымдық нұсқаулыққа сәйкес өзге де міндеттерді жүзеге асырады. В блогы, 5 деңгей.
Конкурс қатысушысына қойылатын талаптар: бизнес, басқару және құқық (құқықтану, халықаралық құқық) саласында саласындағы жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім.
Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске төзімділік, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару, шешім қабылдау, көшбасшылық, стратегиялық ойлану, өзгерістерді басқару.
Жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:
1) жұмыс өтілі екі жылдан кем емес;
Конкурс Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2017 жылғы 21 ақпандағы № 40 бұйрығымен бекітілген "Б" корпусының әкімшілік мемлекеттік лауазымына орналасуға конкурс өткізу қағидалары» (әрі қарай -Қағидалар) негізінде жүргізіледі.
Құжаттарды қабылдау мерзімі (3 жұмыс күні) өкілетті органның интернет-ресурсында ішкі конкурстың өткізілуі туралы хабарландырудың берілгенінен кейін келесі күннен бастап белгіленеді.
Ішкі конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтар конкурс өткiзетiн мемлекеттiк органға құжаттарын электронды түрде «Е-қызмет» интегралды ақпараттық жүйесі не «Е-gov» электронды Үкімет порталы арқылы не хабарландыруда көрсетілген электрондық почта мекенжайына құжаттарды қабылдау мерзімінде тапсырады.
Ішкі конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар:
1) Нақты Қағидалардың 2-қосымшасына сай нысандағы өтініш;
2) Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының 2021 жылғы 10 қыркүйектегі №158 бұйрығымен бекітілген №24350 құқықтық актілердегі нысан бойынша құжаттарды тапсыру күніне дейін күнтізбелік отыз күн ішінде расталған қызметтік тізім.
Құжаттардың толық емес пакетін не дәйексіз мәліметтерді ұсыну не құжаттардын оларға қойылатын талаптарға сәйкес келмеуі персоналды басқару қызметінің (кадр қызметінің) немесе персоналды басқару қызметінің (кадр қызметінің) міндеттерін атқару жүктелген адамның оларды қараудан бастартуы үшін негіз болып табылады.
Азаматтар біліміне, жұмыс тәжірибесіне, кәсіби деңгейіне қатысты (біліктілігін арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақ берілуі, ғылыми жарияланымдар туралы құжаттардың көшірмелері, алдыңғы жұмыс орнындағы кәсіби деңгейін, біліктілігін сипаттайтын басқа мәліметтер) қосымша ақпараттарды бере алады.
Ішкі конкурсқа қатысатын және әңгімелесуге енгізілген кандидаттар конкурсты жариялаған мемлекеттік органда оны әңгімелесуге жіберу туралы хабардар ету күнінен бастап үш жұмыс күн ішінде өтеді.
Ішкі конкурсқа қатысатын және әңгімелесуге енгізілген кандидаттармен әңгімелесу қажеттілігі бойынша бейне байланыс дистанциялық жабдықтары арқылы өткізілуі мүмкін.
А-1, В-1, С-1, С-О-1, C-R-1, D-1, D-O-1, Е-1, E-R-1 категориялары лауазымдарына үміткер кандидаттар кандидаттың таңдауына байланысты мемлекеттік немесе орыс тілдерінде конкурстық комиссия хатшысының қатысуымен, конкурстық комиссиямен анықталған тақырыптардың біреуіне екі жүз сөзден артық емес бір эссе жазады. Эссе Комиссиямен нақты Қағидалардың 4-қосымшасында анықталған параметрлерге сәйкес бағаланады. Эссе жазатын уақыт 45 минуттан аспауы тиіс.
Конкурстық комиссия жұмысының ашықтығы мен тиімділігін қамтамасыз ету үшін оның отырысына бақылаушылар шақырылады. Бақылаушылар ретінде конкурстық комиссияның отырысына он сегіз жастан төмен емес Қазақстан Республикасының азаматтары соның ішінде мемлекеттік қызмет істері өкілетті органының қызметкерлері қатыса алады. Бақылаушы ретінде конкурстық комиссияның отырысына қатысу үшін тұлға персоналды басқару қызметін (кадрлық қызметті) әңгімелесуді өткізудің басталуына дейін екі сағаттан кем емес уақытта хабардар етеді. Хабарлама телефон арқылы немесе конкурстың өткізілуі туралы хабарламада көрсетілген электронды почта арқылы жүзеге асырылады.
Азаматтар конкурсқа қатысу шығындарын (әңгімелесу өтетiн жерге келу және қайту, тұру және барлық түрлерiн пайдалану) өздерiнiң жеке қаражаттары есебiнен жүргiзедi.
Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар уәкiлеттi органға немесе оның аумақтық бөлiмшесiне, не Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртiбiнде конкурс комиссиясының шешiмiне шағымдана алады.
|
Б" корпусының мемлекеттік |
Нысан
|
_________________________ |
Мені ____________________________________________________________________
бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасу конкурсына қатысуға жіберуіңізді сұраймын.
"Б" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға конкурс өткізу қағидаларының негізгі талаптарымен таныстым, олармен келісемін және орындауға міндеттенемін.
Менің жеке мәліметтерімді, оның ішінде психоневрологиялық және наркологиялық ұйымдардан мәліметтерімді жинауға және өңдеуге келісімімді білдіремін.
Мемлекеттік қызметші өзінің жақын туыстары (ата-аналары (ата-анасы), балалары, асырап алушылары, асырап алынған балалары, ата-анасы бір және ата-анасы бөлек аға-інілері мен апа-сіңлілері (қарындастары), аталары, әжелері, немерелері), жұбайы (зайыбы) және (немесе) жекжаттары (жұбайының (зайыбының) ата-анасы бір және ата-анасы бөлек аға-інілері мен апа-сіңлілері (қарындастары), ата-аналары және балалары) атқаратын лауазымға тікелей бағынысты болатын мемлекеттік лауазымды атқара алмайды, сондай-ақ жақын туыстары, жұбайы (зайыбы) және (немесе) жекжаттары тікелей бағынысында бола алмайтыны туралы талаппен таныстым.
Мемлекеттік органның интернет-ресурсында менің әңгімелесуімнің бейнежазбасын транляциялауға
және орналасуға келісім беремін __________________
(иә/жоқ)
Ұсынылып отырған құжаттарымның дәйектілігіне жауап беремін.
Қоса берілген құжаттар:
_______________________________________________________________
_______________________________________________________________
Мекенжайы: ______________________
Байланыс телефондары: ________________
e-mail: ______________________
ЖСН: ______________________
_________ ___________________________
(қолы) (Тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда))
20 __ ж. "___"_______________