«Ақмола облысы Жақсы ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің жұмылдыру дайындығы, аумақтық қорғаныс және азаматтық қорғау бөлімінің бас маманы, «E-4» санаты, 1 бірлік

«Б» корпусының бос әкімшілік және мемлекеттік лауазымдарына орналасуға жалпы конкурс

«Ақмола облысы Жақсы ауданы әкімінің аппараты» ММ

Конкурс туралы мәліметтер

Құжаттарды қабылдау мерзімі:  : 25.01.2025 -31.01.2025 

Жеке қасиеттерді бағалауға тестілеу:  08.02.2025

Мәтіндік және сандық ақпаратпен жұмыс істеу қабілетін бағалау: 12.02.2025

Әңгімелесу:  17.02.2025

Анықтама телефоны: 87163521202

E-R-4 санаты үшін орташа лауазымдық жалақы: 210086

(Лауазымдық жалақы нақты қызметкердің жұмыс өтіліне байланысты хабарландыруда көрсетілгеннен өзгеше болуы мүмкін)

Лауазым атауы:

  1. «Ақмола облысы Жақсы ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің жұмылдыру дайындығы, аумақтық қорғаныс және азаматтық қорғау бөлімінің бас маманы, «E-4» санаты, 1 бірлік (негізгі қызметкердің мерзімді әскери қызметі кезеңінде).

Негізгі функционалдық міндеттері: Мемлекеттік органдар мен өзге де мекемелерден келіп түскен құжаттардың уақтылы және сапалы орындалуы. Аудан әкімі мен әкімдігі жанындағы консультативтік-кеңесші органдардың хаттамалық тапсырмаларының орындалуын ұйымдастырады. Тыңдаушыларды азаматтық қорғаныс бойынша республикалық және облыстық курстарға жіберуді қамтамасыз ету. Азаматтық қорғау жөніндегі іс-шараларды орындау, сондай-ақ азаматтарды Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың қатарына мерзімді әскери қызметке шақыруды ұйымдастыру жөніндегі жұмысты ұйымдастырады. Мемлекеттік қызметшілерді әскери есепке алуды және броньдауды жүргізу. Әскери есепке алу және шақыру мәселелері бойынша ақпараттарды, мәліметтерді жинақтау және азаматтық қорғаныс және төтенше жағдайлар саласындағы басқа да функцияларды орындау; өте құпия, құпия құжаттармен жұмыс істеу кезінде құпиялылық режимін қамтамасыз ету. Азаматтық қорғау саласында штабтық жаттығуларды, оқу-жаттығуларды дайындау және өткізу жөніндегі жұмысты ұйымдастырады. Президенттің Жарлықтарын, тапсырмаларын және басқа да актілерін, Қазақстан Республикасы Үкіметінің, Премьер-Министрінің қаулыларын, аудан әкімдігінің қаулыларын, аудан әкімінің шешімдерін, өкімдері мен тапсырмаларын орындау жөніндегі жұмысты ұйымдастырады. Қолданыстағы заңнама шеңберінде бөлім басшылығымен айқындалатын өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.В блогы, 3 деңгей.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім, осы Үлгілік біліктілік талаптарының 9-тармағына сәйкес жұмыс өтілі бір жылдан кем емес немесе осы санаттағы накты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес салаларда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі бар болған жағдайда орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білімі барларға рұқсат етіледі немесе педагогикалық ғылымдары (алғашқы әскери дайындық) немесе бизнес, басқару және құқық (құқықтану) немесе инженерлік, өңдеу және құрылыс саласы (көлік, көлік техникасы мен технология немесе жылу энергетикасы немесе электр энергетикасы) немесе ұлттық қауіпсіздік және әскери іс немесе қызмет көрсету (өмір қауіпсіздігі және қоршаған ортаны қорғау) саласында  орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны ақпараттандыруға бағдарлану, парасаттылық, өзін-өзі дамыту, жеделдік, ынтымақтастық және өзара іс-қимыл, қызметті басқару.

Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім болған жағдайда жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.

          Шағымдану тәртібі

Конкурстың қорытындыларына және/немесе кадр қызметінің әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымды уәкілетті органға немесе оның аумақтық бөлімшесіне конкурс қорытындылары жарияланған күннен бастап бес жұмыс күнінен кешіктірмей беру уәкілетті орган немесе оның аумақтық бөлімшесі келіп түскен шағым бойынша тиісті шешім қабылдағанға дейін конкурсты тоқтата тұру үшін негіз болып табылады.

https://eqyzmet.gov.kz/#/main/vacancy/actual/1014164.4141439870

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Дата публикации
24 января 2025