2025 жылғы 19 қаңтарда өткен Жақсы ауданы Тарасов ауылдық округі әкімінің сайлауы қорытындылау туралы ХАБАРЛАМА

       

          2025 жылғы 19 қаңтарда  Жақсы ауданы Тарасов ауылдық округі әкімінің сайлауы өтті.

          Жақсы аудандық сайлау комиссиясы «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 14-бабының 9) тармақшасына, 44-бабының 2-тармағына, 45-бабына, 113-10-бабына сәйкес, Жақсы ауданы Тарасов ауылдық округі әкімінің сайлау нәтижелері туралы учаскелік сайлау комиссияларының хаттамалары негізінде сайлау қорытындыларын белгіледі:

 

Тарасов сайлау округі

Тарасов ауылдық округі әкімінің сайлау бойынша:

         Сайлау округі бойынша сайлаушылар тізіміне 259 азамат енгізілді, олардың 197 дауыс берді. Жарамсыз бюллетеньдер саны – 2, «Барлығына қарсы» деген жолда белгі қойылған - 30.

          Әрбір кандидат үшін берілген дауыстар саны:

         Жұмашева Салтанат Сапарбекқызы – 20; Құдайбергенова Құралай Қойшыбайқызы– 130; Сыздықпаева Шолпан Ибрашқызы – 15.

         Тарасов  ауылдық округі әкімі болып  Құдайбергенова Құралай Қойшыбайқызы сайланды, 1991 жылы туған, «Жақсы ауданы Тарасов ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ-нің әкімі, Тарасов ауылының тұрғыны,  AMANAT партиясы арқылы ұсынылды.

          

 

             Жақсы аудандық сайлау комиссиясы «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңының 45-бабына сәйкес 2025 жылғы 20 қаңтардағы шешімімен 2025 жылғы 19 қаңтарда Жақсы ауданы Тарасов ауылдық округі сайланған әкімін тіркеді.

 

 

 

Жақсы аудандық сайлау комиссиясы

 

 

Дата публикации
20 января 2025