«Жақсы ауданында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы» Жақсы аудандық мәслихатының 2023 жылғы 21 желтоқсандағы № 8С-17-5 шешіміне өзгеріс енгізу туралы

        

«Жақсы ауданында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы» Жақсы аудандық мәслихатының 2023 жылғы 21 желтоқсандағы № 8С-17-5 шешіміне

өзгеріс енгізу туралы

 

 

          Жақсы аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

  1. Жақсы аудандық мәслихатының «Жақсы ауданында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы» 2023 жылғы 21 желтоқсандағы № 8С-17-5 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8676-03 болып тіркелген) шешіміне келесі өзгеріс енгізілсін:

көрсетілген шешімнің 1-қосымшасында:

11-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

«11. Әлеуметтік көмек толық мемлекеттік  қамтамасыз етудегі адамдарды қоспағанда, мұқтаж азаматтардың келесі санаттарына көрсетіледі:

1) дүлей апат салдарынан азаматқа (отбасына) не оның мүлкіне зиян келуі, бір рет үш айдан кешіктірмей өтініш бойынша 200 (екі жүз) айлық есептік көрсеткіш шекті мөлшерінде, кірістерді есепке алмағанда;

2) өрт салдарынан азаматқа (отбасына) не оның мүлкіне зиян келуі, бір рет үш айдан кешіктірмей өтініш бойынша 200 (екі жүз) айлық есептік көрсеткіш шекті мөлшерінде, кірістерді есепке алмағанда;

3) денсаулық сақтау ұйымдарында есепте тұрған әлеуметтік маңызы бар аурулары (адамның иммунитет тапшылығы вирусы (АИВ) тудыратын ауру, қатерлі ісіктер, бірінші типті қант диабеті), бар адамдарға (отбасыларға), балалардың церебралды сал ауруы, аурулардың бір түрі бойынша жылына 1 рет өтініш бойынша 15 (он бес) айлық есептік көрсеткіш шекті мөлшерінде, кірістерді есепке алмағанда;

4) Ақмола облысы денсаулық сақтау басқармасының жанындағы «Жақсы аудандық ауруханасы» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнының тізімі негізінде денсаулық сақтау ұйымдарында есепте тұрған, туберкулез ауруы бар адамдарға өтініш бермей ай сайын  15 (он бес) айлық есептік  көрсеткіш шекті мөлшерде, кірістерді есепке алмағанда;

5) диспансерлік есепте тұрған адамның иммунитет тапшылығы вирусы (АИВ) тудыратын ауруды жұқтырған балалардың ата-аналарына немесе өзге де заңды өкілдеріне ай сайын өтініш бойынша 2 (екі) ең төменгі күнкөріс деңгейі мөлшерінде, кірістерді есепке алмағанда;

6) қатерлі ісіктері бар балалардың ата-аналарына немесе өзге де заңды өкілдеріне жылына 1 рет өтініш бойынша 15 (он бес) айлық есептік көрсеткіш шекті мөлшерінде, кірістерді есепке алмағанда;

7) «Ардагерлер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 4, 5, 6-баптарында көрсетілген адамдарға және «Жаппай саяси қуғын-сүргіндер құрбандарын ақтау туралы» Қазақстан Республикасының Заңымен белгіленген тәртіпте ақталған, Қазақстандағы 1986 жылғы 17-18 желтоқсан оқиғаларына қатысқан адамдарға, осы оқиғаларда қасақана кісі өлтіргені және милиция қызметкерінің, халық жасақшысының өміріне қастандық жасағаны үшін сотталған, өздеріне қатысты қылмыстық істерді қайта қараудың қолданылып жүрген тәртібі сақталатын адамдарды қоспағанда Қазақстан Республикасы шегінде санаторийлық-курорттық емделуге жолдама құнын өтеуге төлем туралы құжаттар негізінде жылына 1 рет өтініш бойынша 40 (қырық) айлық есептік көрсеткіш шекті мөлшерде, кірістерді есепке алмағанда;

8) «Ардагерлер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 4, 5, 6-баптарында көрсетілген адамдарға және «Жаппай саяси қуғын-сүргіндер құрбандарын ақтау туралы» Қазақстан Республикасының Заңымен белгіленген тәртіпте ақталған, Қазақстандағы 1986 жылғы 17-18 желтоқсан оқиғаларына қатысқан адамдарға, осы оқиғаларда қасақана кісі өлтіргені және милиция қызметкерінің, халық жасақшысының өміріне қастандық жасағаны үшін сотталған, өздеріне қатысты қылмыстық істерді қайта қараудың қолданылып жүрген тәртібі сақталатын адамдарды қоспағанда Қазақстан Республикасының аумағы бойынша темір жол немесе автомобиль жолаушылар көлігімен санаторийге немесе госпитальға емделуге екі жаққа жол жүру құнын өтеуге жөнелту станциясынан емдеу немесе емдеуге жатқызу орнына дейін және кері қайтуға растайтын құжаттарды ұсынған кезде жылына 1 рет өтініш бойынша 10 (он) айлық есептік көрсеткіш шекті мөлшерінде, кірістерді есепке алмағанда;

9) жасы бойынша зейнеткерлерге Қазақстан Республикасы шегінде санаторийлық-курорттық емделуге жолдама құнын өтеуге төлем туралы құжаттар негізінде 2 жылда 1 рет өтініш бойынша 30 (отыз) айлық есептік көрсеткіш шекті мөлшерде, (әзірленген жеке оңалту және оңалту бағдарламасына сәйкес санаториялық-курорттық емдеу қызметтері ұсынылатын мүгедектерді қоспағанда), кірістерді есепке алмағанда;

10) «Ардагерлер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 4-бабында көрсетілген адамдарға өтініш берусіз коммуналдық қызметтер үшін шығыстарға ай сайын 5 (бес) айлық есептік  көрсеткіш шекті мөлшерінде, кірістерді есепке алмағанда;

11) «Ардагерлер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 5, 6, 8- баптарында көрсетілген адамдарға өтініш берусіз коммуналдық қызметтер үшін шығыстарға ай сайын 2 (екі) айлық есептік көрсеткіш шекті мөлшерінде, кірістерді есепке алмағанда;

12) аз қамтылған, халықтың (отбасылардың) әлеуметтік-әлсіз топтары қатарынан  және мүгедектігі бар  адамдар қатарынан шыққан, колледждерде  оқитын студенттерге  жылына 1 рет оқудың шығындарын өтеуге 100 пайыз мөлшерінде, өтініш бойынша, кірістерді ескере отырып;

13) жетім-балалар, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар қатарынан, жоғары медициналық оқу орындарында оқитын студенттерге Жақсы ауданында жұмыс  істеуді  ескере отырып жылына 1 рет оқудың шығындарын өтеуге 100 пайыз мөлшерінде, өтініш бойынша, кірістерді есепке алмағанда;

14) аз қамтылған, көп балалы және толық емес отбасылардан шыққан адамдар қатарынан жоғары медициналық оқу орындарында оқитын студенттерге Жақсы ауданында жұмыс  істеуді  ескере отырып жылына 1 рет оқудың шығындарын өтеуге 100 пайыз мөлшерінде, өтініш бойынша, кірістерді ескере отырып;

15) бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарға бір рет, босатылған күннен бастап үш айдан кешіктірмей өтініш бойынша 15 (он бес) айлық есептік көрсеткіш шекті мөлшерде, кірістерді есепке алмағанда;

16) пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарға бір рет өтініш бойынша 15 (он бес) айлық есептік көрсеткіш шекті мөлшерде, кірістерді есепке алмағанда;

17) меншік иесі (жалға алушысы)  меншік емес иесінің (жалға алушысы) отбасы мүшелері болып табылатын жергілікті (пештік) жылытылатын жеке тұрғын үйде тұратын адамдарға (отбасыларға), оларда және отбасы мүшелерінде басқа тұрғын үй болмаған және жан басына шаққандағы орташа табысы бір күнкөріс деңгейінен аспайтын болса, жылына бір рет қатты отын сатып алуға, өтемақы, 15 (он бес) айлық есептік көрсеткіш шекті мөлшерінде, өтініш бойынша,  кірістерді ескере отырып жүргізіледі.

Қатты отынды сатып алуға өтемақы алуға құқығы бар бiрнеше адам бiр жеке меншiк тұрғын үйде тұрған жағдайда, өтемақы тек бiреуiне ғана берiледi.».

  1. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

Лауазымы

 

Аты-жөні

 

«Жақсы ауданында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы» Жақсы аудандық мәслихатының 2023 жылғы 21 желтоқсандағы № 8С-17-5 шешіміне өзгеріс енгізу туралы
Дата публикации
08 января 2025