2025 жылғы 19 қаңтарға тағайындалған Жақсы ауданы Тарасов ауылдық округі әкімінің сайлауына үміткерлердің тіркелу нәтижелері туралы ақпарат

2025 жылғы 19 қаңтарға

тағайындалған Жақсы ауданы Тарасов ауылдық округі әкімінің сайлауына үміткерлердің тіркелу нәтижелері туралы ақпарат

 

           «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 113-5-бабына сәйкес келіп түскен құжаттарды қарап, Жақсы аудандық аумақтық сайлау комиссиясы Тарасов ауылдық округі әкімдігіне үш кандидаттарды тіркеді:

 -Салтанат Сапарбекқызы Жұмашева, 1965 жылы туған, «Жақсы ауданы Беловод ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ-нің бас маманы, Жақсы ауданы Перекатное ауылында тұрады (өзін-өзі ұсыну жолы арқылы);

- Құралай Қойшыбайқызы Құдайбергенова, 1991 жылы туған, «Жақсы ауданы Тарасов ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ-нің әкімі, Жақсы ауданы Тарасов ауылында тұрады (AMANAT партиясы);

- Шолпан Ибрашқызы Сыздықпаева, 1966 жылы туған, «Жақсы ауданы Жаңақима ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ-нің бас маманы, Жақсы ауданы Қима ауылында тұрады (өзін-өзі ұсыну жолы арқылы).

 

            Жақсы ауданы Тарасов ауылдық округі әкімдігіне тіркелген кандидаттардың сайлау алдындағы үгіт-насихатқа кірісуге құқығы бар, ол кандидатты тіркеу мерзімі аяқталған сәттен басталады және сайлау күнінің алдындағы күннің жергілікті уақыты бойынша нөл сағатта аяқталады.

 

       2024 жылдың 29 желтоқсанда жергілікті уақыт бойынша сағат 18.00-ден кейін басталып, 2025 жылдың 18 қаңтарда жергілікті уақыт бойынша нөл сағатта аяқталады.

 

        Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясының 2018 жылдың 25 тамызындағы «Кандидаттардың бұқаралық ақпарат құралдарына шығуы үшін қаражат бөлу қағидалары мен көлемдерін бекіту туралы» 12/202 қаулысына сәйкес барлық кандидаттарға үгіт-насихат жұмыстарын жүргізу үшін тең жағдайлар жасалатынына кепілдік беріледі.

Дата публикации
25 декабря 2024