Жақсы ауданы Тарасов ауылдық округінің әкімін сайлау бойынша сайлау округін және шекараларын құру, аудандық аумақтық сайлау комиссиясының орналасқан жері мен құрамы туралы ХАБАРЛАМА

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 13 баптың 4 тармағына, 14 баптың 6 тармақшасына, 21 баптың 4 тармағына, 22 бабына, Жақсы аудандық аумақтық сайлау комиссиясының 2024 жылғы 11 желтоқсандағы  № 68/19  «Ақмола облысы Жақсы ауданы Тарасов   ауылдық округі әкімін сайлау бойынша сайлау округін құру туралы»  қаулысына сәйкес,  Тарасов ауылдық округінің  әкімін сайлау бойынша сайлау округін құру туралы, Жақсы ауданы аумақтық сайлау комиссиясының орналасқан жері мен құрамы туралы хабарлаймыз.

 

 

Жақсы ауданы Тарасов ауылдық округінің

әкімін сайлау бойынша сайлау округінің шекарасы

 

Жақсы ауданы Тарасов ауылдық округінің   әкімін сайлау бойынша сайлау округі – Тарасов сайлау   округі  Тарасов ауылдық округінің  шекарасында.

 

 

Жақсы аудандық аумақтық сайлау комиссиясы

 

Орналасқан жері: Жақсы ауылы, Дружба көшесі 14, тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары бөлімі және тұрғын үй инспекциясы ғимараты, тел.8 (71635) 21-4-04.

 

Аудандық аумақтық сайлау комиссиясының құрамы:

Төрайымы – Тлепова Рената Рахымбекқызы;  төрайымының орынбасары- Ишамбеков Данияр Тендікұлы; хатшы – Төлеубай Манас Сапиуллаұлы; комиссия мүшелері: Әбілжанов Руслан Жанарұлы, Ахамбаева Айгүл Мерекеқызы, Райсова Ксения Вячеславовна, Садвокасова Ләйлім Кенжибайқызы.

 

 

Жақсы аудандық аумақтық

сайлау комиссиясы                                                                                       

Дата публикации
19 декабря 2024