«Б» корпусының бос әкімшілік және мемлекеттік лауазымдарына орналасуға жалпы конкурс «Ақмола облысы Жақсы ауданы әкімінің аппараты» ММ

 

Конкурс туралы мәліметтер

Құжаттарды қабылдау мерзімі: 22.10.2024-29.10.2024

Жеке қасиеттерді бағалауға тестілеу: 30.10.2024-01.11.2024

Мәтіндік және сандық ақпаратпен жұмыс істеу қабілетін бағалау: 06.11.2024-08.11.2024

Әңгімелесу: 13.11.2024

Анықтама телефоны: 87163521202

E-R-4 санаты үшін орташа лауазымдық жалақы: 210086

(Лауазымдық жалақы нақты қызметкердің жұмыс өтіліне байланысты хабарландыруда көрсетілгеннен өзгеше болуы мүмкін)

Лауазым атауы:

       «Жақсы ауданының экономика және қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бас маман-бухгалтері «Е-R-4» санаты, 1 бірлік.

Негізгі функционалдық міндеттері: Бөлімнің бухгалтерлік есебі мен есептілігі бойынша жұмысты жүзеге асырады, Бөлімнің үш жылдық кезеңге бюджеттік өтінімін жасайды және ұсынады. Бюджеттік бағдарламалардың іске асырылуы, кредиторлық және дебиторлық берешек, бөлім аппараты бойынша қаржылық есептілік, бөлімнің өткізілген Мемлекеттік сатып алулар туралы есептерді жасайды. Бөлім аппараты бойынша жалақы, қорлар және басқа да төлемдер бойынша есептеуді және аударуды қамтамасыз етеді. Өнім берушілермен шарттар жасасады және аумақтық қазынашылық бөлімшелерінде тіркейді. Лауазымдық нұсқаулыққа сәйкес өзге де міндеттерді жүзеге асырады. В блогы, 3 деңгей.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі не орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білім, бизнес, басқару және құқық (экономика немесе есеп және аудит немесе қаржы) саласында.

Мынадай құзыреттердің болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны ақпараттандыруға бағдарлану, парасаттылық, өзін-өзі дамыту, жеделдік, ынтымақтастық және өзара іс-қимыл, қызметті басқару.

       Жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.

 

          Шағымдану тәртібі

Конкурстың қорытындыларына және/немесе кадр қызметінің әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымды уәкілетті органға немесе оның аумақтық бөлімшесіне конкурс қорытындылары жарияланған күннен бастап бес жұмыс күнінен кешіктірмей беру уәкілетті орган немесе оның аумақтық бөлімшесі келіп түскен шағым бойынша тиісті шешім қабылдағанға дейін конкурсты тоқтата тұру үшін негіз болып табылады.

https://eqyzmet.gov.kz/#/main/vacancy/actual/1014164.3981985339 

 

 

 

 

 

Дата публикации
22 октября 2024