«Б» корпусының бос әкімшілік және мемлекеттік лауазымдарына орналасуға жалпы конкурс «Ақмола облысы Жақсы ауданы әкімінің аппараты» ММ

Конкурс туралы мәліметтер

Құжаттарды қабылдау мерзімі:22.10.2024-29.10.2024  

Жеке қасиеттерді бағалауға тестілеу:  30.10.2024

Мәтіндік және сандық ақпаратпен жұмыс істеу қабілетін бағалау:02.11.2024  

Әңгімелесу:  06.11.2024

Анықтама телефоны: 87163521202

E-R-4 санаты үшін орташа лауазымдық жалақы: 243700

(Лауазымдық жалақы нақты қызметкердің жұмыс өтіліне байланысты хабарландыруда көрсетілгеннен өзгеше болуы мүмкін)

Лауазым атауы:

       «Жақсы ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бас маман «Е-R-4» санаты, 1 бірлік.

Негізгі функционалдық міндеттері: коммуналдық тұрғын үй қорынан тұрғын үйге мұқтаж кезекте тұрғандардың тізімін жүргізуді және есепке алуды жүзеге асырады. Ауданның тұрғын үй комиссиясының қарауы үшін коммуналдық тұрғын үй қорынан тұрғын үйді бөлу жөніндегі құжаттарды дайындайды және тексереді. Жыл сайын коммуналдық тұрғын үй қорынан тұрғын үйге мұқтаж кезекте тұрғандардың тізімдеріне түгендеу жүргізеді. Мемлекеттік қызмет көрсетеді. Тұрғын үйді пайдаланғаны (жалға алғаны) үшін ақшалай қаражаттың түсуін бақылайды. Сотқа талап-арыздар дайындайды және сот отырыстарына қатысады.  Лауазымдық нұсқаулыққа сәйкес өзге де міндеттерді жүзеге асырады. А блогы, 4 деңгей.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі не орта білімнен кейінгі немесе инженерлік, өңдеу және құрылыс салалары (көлік, көлік техникасы және технологиялары немесе жылу энергетикасы немесе электр энергетикасы немесе көлік құрылысы немесе технологиялық машиналар мен жабдықтар (салалар бойынша) немесе құрылыс немесе құрылыс материалдарын, бұйымдары мен конструкцияларын өндіру немесе инженерлік жүйелер мен желілер) немесе қызметтер (көлікті тасымалдауды, қозғалысты және пайдалануды ұйымдастыру) немесе бизнес, басқару және құқық (мемлекеттік және жергілікті басқару) саласында.

Мынадай құзыреттердің болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны ақпараттандыруға бағдарлану, парасаттылық, өзін-өзі дамыту, жеделдік, ынтымақтастық және өзара іс-қимыл, қызметті басқару.

       Жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.

          Шағымдану тәртібі

Конкурстың қорытындыларына және/немесе кадр қызметінің әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымды уәкілетті органға немесе оның аумақтық бөлімшесіне конкурс қорытындылары жарияланған күннен бастап бес жұмыс күнінен кешіктірмей беру уәкілетті орган немесе оның аумақтық бөлімшесі келіп түскен шағым бойынша тиісті шешім қабылдағанға дейін конкурсты тоқтата тұру үшін негіз болып табылады.

https://eqyzmet.gov.kz/#/main/vacancy/actual/1014164.3981882170 

 

 

 

 

 

 

 

Дата публикации
22 октября 2024